ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ЖАЙ ҒАНА МЕРЕКЕ ЕМЕС

02 сәуір 2026 40 0
Оқу режимі

Үйлену тойы – тарих бойынша кез келген қоғамда бар және неке қиюды қоғамға жариялау үшін орындалатын рәсім. Адамзат тарихындағы ең көне дәстүр. Бұл қазақта тек той ғана емес, мәдени, діни, әлеуметтік және психологиялық қабаты бар оқиға!Үйлену тойы - қыз бен жігіттің отбасына да, қоғамына да некеге тұруын ресми жариялауы. Сол арқылы ерлі-зайыптылардың әлеуметтік статусы заңдасады.

Осы статус тойланады, яғни Ұлы Тәңірден тілек үшін рәсімделеді және ойын-сауықпен жалғасады. Бұл ерлі-зайыптылардың да, олардың отбасыларының да бақытын бөлісу мүмкіндігі. Ерлі-зайыптылардың некесі екі әулетті де біріктіреді. Құда болады, жекжат атанады. Бұл да туыстық одақ. Үйлену тойы осы одақтың нышаны, екі әулет арасында туыстық байланыс орнайды. Сонымен қатар, Үйлену тойы ұлттың мәдени ерекшелігін көрсетеді. Дәстүрлі үйлену тойлары сол қоғамның құндылықтарын, наным-сенімдерін, тарихын сақтайды. Бұл рәсімдер жаңа ұрпаққа беріліп, мәдениеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Бірақ біздің бүгінгі той- қазақтың қазақтығын емес, дүбара мазақтығын паш етіп келеді. Бұған ел болып тоқтау салуымыз шарт! Көптеген халықта үйлену тойының діни мәні бар. Мұсылман халқы үшін неке ол сүннет, ал үйлену Алланың разылығын алу, ғибадат деген сөз. Христиандарда неке - Құдай қолдаған одақ деген сөз. Үйлену тойы ерлі-зайыптылар үшін жаңа өмір, жаңа дәуір.

Үйлену тойы жай ғана мереке емес, ол әлеуметтік, мәдени және рухани функциялары бар маңызды рәсім. Бұл қоғамның құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерін көрсететін, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен бірлігін білдіретін шара. Әр қоғамда тойға берілетін мән әр түрлі болғанымен, негізінен барлық тойлар бірлік пен ынтымақты ұлықтауды мақсат етеді. Сондықтан тойга көңіл бөлу керек! Ол рәсім, ол одақ, ол ғибадат, ол Тәңірден тілеу үшін туыстардың бірігу құбылысы… ал бізде ше? Ұқсамайды… Өткенде тойға барғандағы ой түйін…

 

Dosay KENJETAY

Пікірлер Кіру