АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ «ҮЗДІК ОҢАЛТУШЫ» НОМИНАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)

26 желтоқсан 2025 357 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2025» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Қабдысалым Рақымқазы «Үздік оңалтушы» номинациясына ие болды.

Бас мүфти салтанатты жиында: «Бүгінгі мерейтой – Діни басқарманың ғана емес, күллі мұсылман жамағатының ортақ қуанышы. Бұл – имандылықтың, ізгіліктің, ел бірлігінің мерекесі. Алла Тағала осы қара шаңырақтың іргесін берік, өрісін кең етсін! Барша дін қызметкерлеріне, осы жолда еңбек етіп жүрген әріптестерге Алла разы болсын! Бүгін «Мүфтият үздігі» атанып жатқан барша бауырларымды, әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Бұл – жылдар бойы жасаған жұмыстарыңыздың жемісі деп санаймын. Ең бастысы Алланың марапатына ие болуды жазғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Алла Тағала Діни басқарманың қызметіне береке беріп, халқымыздың рухани дамуына мол игілік нәсіп етсін! Әумин!», - деп атап өтті.

Пікірлер Кіру