Ерғазы Азамат Сайлауұлы

17 желтоқсан 2018 3638 0
Оқу режимі

1992 жылы 19-қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында туған. Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе колледжінің 2-курс студенті.

Мұхаммедке сағыныш

Саллаллаһу ъалайһи уа саллам
Алдымда екі парақ, қолда қалам
Қанша жыл жоспарлап жүрсем-дағы,
Арнау жазу сәті келді енді маған.

Бұл арнау сағыныштан туындаған,
Сағыныштан кей кездері жылап алам.
Көзбен көріп, қолмен ұстап, бірге болсам,
Құшақтап, амандасып, сүю арман.

Расул Алла сүннетін ұстанбаған,
Жан-тәнімен дінге қызмет ете алмаған.
Қиын кезде шапағат етер ме екен?!
Күнәһәр, әлсіз болған мына маған.

Жомарттық, жұмсақтықпен мәрттік қылған,
Жауыздық жасаса да қарғамаған.
Аманатшыл деп басқа кімді атаған?
Расул Аллам міне осындай ұлы адам.

Хикметке толы болды әрбір қадам,
Уа, Мұхаммед мен сізді үлгі қылам!
Бір қабірде өзіңмен жатпасам да,
Үңіліп, сәлем беріп бір күн барам.

Бұйыртса мешітіңе зиярат қылам,
Басқан сол топырақты мен де басам.
Жасыл күмбез мешітіңе қарап тұрып,
Салауат пен сәлемді көптеп айтам.

Сүннет деген Пайғамбардан қалған ұлы із,
Үммет деген мұсылман, біз бенен сіз.
Бейнемен, амалмен де әр іспенен
Сүннетін ұстана алмай жүрміз ғой біз.

Түсімде де көре алмадым кірмейсіз сіз,
Махаббатым болды ма,бәлкім әлсіз?!
Көргісі кеп жүрген қанша адамдардың,
Аңсауменен бірі болып бізде жүрміз.

Адамнан келе жатқан тарихы кең,
Ұлы іспен бірі артық,ал бірі кем.
Әркімді таңғалумен мақтасақ та,
Мұхаммедтен асқан қане қайссың бар ең?

Сүннетін ұстана алмай қатты бекем,
Дәрежесі махаббаттың емес қой тең.
Кім-кімді жақсы көрсе бірге болар,
Жәннәтқа соңыңыздан бірге кірсем.

Мінезі болған оның өте көркем,
Деп айтамыз Пайғамбарды жақсы көрем.
Сағынышым болса да басқадан кем,
Пайғамбарды сағындым сөзіме сен!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру