Құдайберген Самат Жантайұлы

14 желтоқсан 2018 4114 0
Оқу режимі

1993 жылы 16-мамырда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылында дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және ҚазҰАУ түлегі. Қазіргі уақытта Қапшағай қаласында «Қапшағай көпсалалық колледжінде» дәнекерлеу ісі бойынша өндірістік оқыту шебері болып қызмет

Аса Қамқор,ерекше Мейірімді
Алланың атыменен жыр үйілді
Аллаға мадақ айтып басталатын
Салауатқа санамыз мың иілді.

Ұлы адамдар халыққа аты әйгілі
Алланың атын бәрі атайды ұлық.
Адамзаттың басымы бақыттарын
Діннен тауып діңгегі қатайды нық

Алладан келген дін бар пендесіне
Мейірім іздесеңіз жер бетінен.
Он төрт ғасыр әлемді әлдилеген
Ислам-бесігің бұл тербетілген.

Мұсылманның баршаға сыйы жетер
Алланың әр пендесін сүйіп өтер.
Мәңгілік Мұхаммедтің сүннетімен
Ислам-достық туын биік етер

Үмметіне шапағатын жеткізген
Өз бойынан махаббатын сепкізген.
Сүннетіне бекем болу мол мұра
Еріп жүріп, туралықпен, текті ізбен

Рахым етіп дұшпандарын кешірген
Қарсы шығып сиқыршы деп есірген.
Алла елшісі,ардақты адам әлемде
Жүректе ұстап,шығармай жүр есіңнен.

Үмметіңе,таматын әр жасыңның
Лайық болу тамшысына міндетім.
Сардарысың туғалы сан ғасырдың
Күллі адамзат сезіне алар құрметін

Шежіресің,тарихсың ақтарылар
Қадіріңді,тура жол тапқан ұғар.
Ұстазым жоқ дегенге өмірі ұстаз
Мұхаммедтің жолынан бақ табылар.

Мінезі мезгіліндей көктем күнгі
Көркемдіктің шегіне жеткен еді.
Көрінетін көшбасшы көптерге үлгі
Сираны оқып көңілім көктеп еді.

Мұхаммед бар ғаламға нұр төгетін
Адамзаттың асылы боп келеді.
Асылдың сынығындай болу үшін
Тура жолды табуың тек керегі.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру