АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢІНЕН БІР ШУМАҒЫН ОҚЫП, АСТАРЫНА ҮҢІЛІП, ТАЛДАЙ БІЛСЕК...

01 желтоқсан 2025 274 0
Оқу режимі

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай осы өлең жолында "мұрт" туралы тоқталады,  мұсылман адам сыртымен де ішімен де көрікті болуы керек.

Әр сөзіне қатты мән беретін сөз зергері Абай "мұртты" бекерге тілге алған жоқ, мұрт қоюдың өз әдебі, тәртібі бар. Мұртты ауызға қарай сәлеңдетіп өсіру жаман әдет. Мұртты ауызға жеткізбей, астыңғы жағын жақсылап қырып, бет әлпетіне, қасының ұзын-қысқа, жуан-жіңішкелігіне сәйкестіре әдемі, жарасымды етіп қойып, өте таза ұстады, ауызға түссе ол мәкурһ, ауыз айналасы ашық тұратын, керек болса тұмау тигенде ағып кетсін деп мұрт ортасын аз ашып қоятын болған. Дәрет алғанда мұрт-сақалдың түбіне су тимесе дәрет толық болмайтыны жақсы білген, сондықтан да мұртты қатты қалың әрі қатты ұзын өсірмейтін. Мұсылманшылықтың жартысы тазалық.

"Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың"

Осы екі жол жалпы өлеңнің өзегі саналады. Онда ақын- салдарын алдымен, себебін артынан жазған. Неге ақын қан мен майды екі ұртқа салды, ауызға салатын басқа нәрсе жоқ па?  Талқанға-ақ, қақалдыра салар еді ғой. Жақсы мен жаманды айырмаудың басты себебі, адал мен арамды айырмауда екенін осы "қан мен май" арқылы өте тамаша жеткізген. Қан арам, оны ауызға салуға болмайды. Бауыздау қан денеге тисе дәретті бұзады. Ал май толығымен адал. Әйтсе, алыстан шалып, кең пішетін дана ақын, соны меңзеп, адал мен арамға мән бірмесең, істің бәрі бос дейді. Сол кезден бастап сенде жақсы мен жаманды айыру қабілеті жоғалады дегенді қадап айтады.

Адам не жесе сол, қандай малдың етін жесе соған бара-бара ұқсайды. Адам бір грамм арам ас жесе қырық күн бойы ісі өнбейді, намазы, дұғасы қабыл болмайды. Бүгінде адал мен арам қатты араласып кеткен, сондықтан да барынша сергектікпен, талғампаздықпен адал ас жеуге тырыссақ өзіміз үшін пайдалы. Ғаламтордан "E-қоспаларын" дағы халал және харамның тізімін шығарып алып, ас бөлмесіне жапсырып қойса ұрпақ таза өседі. Сондықтан Абай бар күнәның басы сол қан мен майда деп топшылайды. Тіпті, қазақ еркек қойды көп жесек, еркек бала көп болады деп ұрғашы тоқтысын малдың аналық басын көбейтуге қалдырып, еркегін жеген екен.

АМАН БОЛАЙЫҚ!

Желіден...

Пікірлер Кіру