АДАМДЫ ТАНИТЫН 10 СҰРАҚ
Күндердің күнінде бір міскін дана ғалымға келіп мынадай сұрақтар қойыпты:
Адамдардың арасында ең мықтысы кім?
Өзін өзі ашу келгенде тежей білген адам
Адамдардың арасында ең әлсізі кім?
Қара халыққа дауысын көтерген адам
Адамдардың арасында ең ақылдысы кім?
Жел соғысына қарсы иілмейтін адам
Адамдардың арасында ең ақымағы кім?
Өзін өзгеден ақылды санайтын адам
Адамдардың арасында көп сөйлейтін адам кім?
Сөзінде сүзіп алар түйіні жоқ адам
Адамдардың арасында ғалымы кім?
Білімі мен амалы ұштасқан адам
Адамдардың арасында жазушысы кім?
Жүрегімен сезіне отырып ішкі жан дүниесімен жазған адам
Адамдардың арасында ең шыншылы кім?
Алдымен өзіне жалған сөйлемейтін адам
Адамдардың арасында кемшілігі бары кім?
Барлық адам – кемшілік иесі
Адамдардың арасында кемшіліксізі кім?
Кемшіліксіз – Алла Тағала ғана, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы
Уақыт өзін бос өткізетін адамды ұнатпайды. (Генри Форд)
Біз кез-келген елді, жерді, үйді өзгертіп, қаша аламыз. Ал, өзімізден ешқайда қаша алмаймыз. Қашсақ та қайда барарымызды білмейміз. (Омар Хаям)
Ең бақытты адам ол жақсы адамдармен байланыс құрған адам. (Хадис Шариф)