АДАМНЫҢ ЕКІ КӨЗІ БОЛАДЫ...
30 сәуір 2024
1300
0
Оқу режимі
Адамның екі көзі болады:
бірі – бастағы көз,
екіншісі – жүрек көзі.
Қазақ екіншісін көкірек көзі немесе көңіл көзі деп те атайды.
Қазақтың «көреген» дегені де жүрек көзі ашылған, көкірек көзі ояу жан.
Адамның бастағы көзі материалдық әлемге ғана қараған көзі.
Ал адамның рухани әлемге қараған көзі ол –жүректің көзі.
Қазақ дүниетанымында бастағы көзден гөрі көңілдің көзі маңыздырақ.
Шәкәрімнің:
Тән көретін бастағы көз
Байқамайды жан сырын.
Көр де ақылға сал деген сөз,
Көз керек қой ойлырақ.
Хақиқатты дәл көруге,
Жан көретін көз керек.
Бас көзімен сенделуге
Бізге рұхсат жоқ, шырақ! – деуі де осы сөзімізді қуаттайды.
Пікірлер
Кіру