Алла Тағала бұл дұғаны міндетті түрде қабыл етеді

28 қазан 2019 19429 0
Оқу режимі

Бұл дұғаға қатысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге берген қуанышты хабары былай келтірілген: «Кімде-кім таңертең үш рет: Уа, Алла Тағалам, осы таңға Өзің берген нығмет пен есендікте және күнәларым жасырылған күйде жеттім. Олай болса, дүниеде һәм ақыретте маған берер нығметіңді арттырған үстіне арттырып, есендік бергейсің және күнәларымды жасыра түскейсің, – десе, соларды орындау Аллаға қалған іс болады (яғни, Алла Тағала оның дұғасын міндетті түрде қабыл етеді). Кешке оқыса да, дәл солай болады».

Оқылуы:

Аллаһуммә инни асбахту минкә фи ни‘мәтин уә ‘афиятин уә сәтрин фәәтиммә ни‘мәтәкә ‘аләйя уә ‘афиятәкә уә сәтракә фид-дүниә уәл әәхира.

Мағынасы:

Уа, Алла Тағалам, осы таңға Өзің берген нығмет пен есендікте және күнәларым жасырылған күйде жеттім. Олай болса дүниеде һәм ақыретте маған берер нығметіңді арттырған үстіне арттырып, есендік бергейсің әрі күнәларымды жасыра түскейсің!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру