Алла үшін биліктің де құны жоқ
05 желтоқсан 2020
4717
0
Оқу режимі
Ертеде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязидті жеңіп, оны тұтқынға алады. Сол Баязидті Ақсақ Темірдің алдына алып келгенде, оның денесінің бір жағына қисайып, бүкір болып тұрғанын көрген Ақсақ Темір қарқылдап, ішегі қатқанша күледі.
Оған Баязид: «Ей, Темір, жақсылық та, жамандық та бір Алланың қолында. Бүгін менің басыма түскен іс ертең сенің басыңа түспесіне кім кепіл?!» – дейді.
Сонда Ақсақ Темір: «Мен тағдырдың тұрақсыздығын сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан! Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным жоқ. Сені көріп маған мынадай бір ой келді. Егер Алла Тағала сен және мен сияқты ақсақ пен қисыққа тақ пен тәж сыйлаған болса, онда расында Алла үшін биліктің де ешқандай құны болмағаны-ау осы», – деген екен.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру