Алланың сыйы қандай мөлшерде

27 қараша 2019 9117 0
Оқу режимі

Егер бір ойын баласы: «Менде көөөп ақша бар», – десе, он-жиырма, ары кеткенде жүз теңгесі бар шығар деп ойлайсың. Ал, егер бір банктың қожайыны: «Саған беретін қомақты ақша бар», – десе, деңгейі мен дәрежесіне қарап жүз мың доллардың ар жақ-бер жағы деп топшылайсың. Ал егер бір патша: «Саған үлкен қаржылай сыйақым бар», – десе, билігі мен қауқарына қарап миллиондар ойға орала бастауы мүмкін. 

Ендеше, Әлемдердің Раббысы: «Оразаңның сауабын Өзім беремін», – деп уәде етіп тұрғанда, не ойлай аласың?! Сондай-ақ, жәннат жайлы: «Оның ішінде салиқалы құлдарым үшін көз көрмеген, құлақ естімеген сыйлар дайындадым. Сондай-ақ, онда адам жүрегіне еш қауіп-қатер келмейді», – деген. 

Пікірлер Кіру