АҚЫРЕТІН ҰМЫТҚАНДАР АҚЫРЕТТЕ ҰМЫТЫЛЫДЫ

07 қараша 2023 1866 0
Оқу режимі

Алла Тағала адамзат баласына, Алланы тану, білу және Оған құлшылық ету міндеттерін жүктеген. Алла тарапынан жауапкершіліктеріміз бен міндеттерімізді еске салу үшін жіберілген пайғамбарлар мен кітаптарға құлақ түріп, өміріміздің ағысын сол елшілердің  салған сара жолына салар болсақ, әрі осы бес күндік жалған дүниеде әрі мәңгілік мекеніміз ақыретте  бақытты боламыз. Ал бұдан бас тартар болсақ, ерткең орны толмайтын қасірет пен қайғыға душар боламыз.

Бес күндік жалған дүниенің қызығы мен ойынына  бой алдырып, діни мәселелерді шетке сиырып тастап, негізгі міндеттерін санасына тоқып, ақырет пен Алла алдындағы есебін ұмытқандар ертең Алланың құзырына шыққанда мейірімнен мақұрым  қалып  ұмыт болары  сөзсіз.

Қасиетті кітабымызда, нәпсінің қалауларына бой алдырып, адами қасиеттерінен алшақтаған,  ақиқат пен шындықты көру қабілетінен айырылғын  адамдар,  өмірді  тек осы дүниемен ғана шектеп (Жасия, 45/23,14),  қайта тірілетін және  есепке тартылатын күнді ұмытқандардың жазасы ретінде олар да тозақта ұмыт болып қала бермек деген (Жасия, 45/34).

 

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. (Ахмет Байтұрсынұлы)

 

Пікірлер Кіру