АСАТУ

28 қараша 2023 2989 0
Оқу режимі

Ет асату - қазаққа тән, қазақ дәстүрі. Көпті көрген парасатты, ел қадірлісі қариялардың, халық ардақтаған ақсақалдардың қолынан сарқыт жеу, яғни ет асауды кез келген қазақ баласы мәртебедей, бата алғандай бағалаған.

Жақсы жандардың жан жылуы дариды, шарапаты тиеді деп көңіліне сенім ұялатқан.

Ата марқұм дастарханға ет қойылғанда ылғи Сәбит ата Мұқановты есіне алар еді.

- Сәбең жарықтық ет асатудың шебері еді және ол кісінің қолынан ет асауға құмарлар көп болған. Сәбеңнің берекелі де аялы алақанынан сарқыт тигендер мақтанып айтып жүретін. Ұмытпасам, Сырбай, кәдімгі қазақтың белгілі ақыны Сырбай Мәуленовтің Сәбеңнің қолынан ет асағаны жайлы жазған өлең де бар, - дейтін.

Кішкене кезімізде "Есет атам ет асатар, ет асатса, бес асатар" дейтін жаңылтпашты айтатынбыз, мән-мағынасын да жақсы түсінетінбіз.

Бүгінгі заманның балалары бұл жаңылтпашты естіп те көрмеген, ет асатудың не екенін де білмейді.

Ал түсіндіре бастасаң тыржиып, әуелі десеңіз, жиіркенеді.

Өйткені орыстар мен ағылшындарда мұндай дәстүр жоқ, асату - таза қазақ дәстүрі.

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

Пікірлер Кіру