АЖАЛДЫҢ ТАҒДЫРҒА ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?

03 қазан 2023 2047 0
Оқу режимі

Сөздік мағынасы «бұрыннан есептелге уақыт пен мерзім» дегенді білдіретін ажал, термин ретіндегі мағынасы адам өмірі мен басқа жандылар үшін белгіленген мерзім және осы мерзімнің соңы яғни өлімнің уақытын меңзейді. Әр тұлғаның және қоғамның ажалы болады. Ажал бір рет қана болатын және Алланың есептеген тағдыры бойынша жүзеге асырылады. Адамдарды тірілтетін, ризықтандыратын және өлімді беретін Алла болғандықтан ажалды белгілейтін де Сол.

«Араларында өлімді белгілейтін Бізбіз» [Уақиға 56/60] аяты осы мәселені анықтап беруде. Құран аяттарынан түсінгеніміздей, ажал ерте де келмейді кеш те келмейді.

«Әр үмметтің бір ажалы болады. Ажалдары келгенде не бір мезет кеш қалады, не де бір мезет ерте кете алмайды» [Ағраф, 7/34, Юнус, 10/49]

«Алла, ажалы келген бірде-бір жанды кейінге қалдырмайды»  [Мұнафикун, 63/11].

Ажал ешкандай себеппен өзгертілмейді. Кейбір ғибадаттар мен игі істердің  өмірді ұзартатына жайлы хадситер (Суюти, Жами-ис-Сағир, 11, 44) адамдарды хайырлы және игіліктерге итермелеу үшін айтылған хадистерге жататының ғалымдар айта келе былай тошпылаған:

а. Өмірдің ұзаруы дегеніміз қайғы-мұңнан алыс, бақыт пен байлық ішінде, ден сау, күш қуаты бақуат өмір сүру дегенді білдірген.

 б. Ұлы Алла осы секілді адамдардың жақсылық жасайтының білгені үшін олардың өмірін ұзағырақ етіп белгілеген.

 

 

 

Пікірлер Кіру