БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ
Лұқман Хакім бақыт кілтін быйлай түсіндіреді:
«Екі нәрсені ұмытпа:
1.Алланы ұмытпа. (Оның досы бола білсең, сәлеметке жетесің).
2.Өлімді ұмытпа. (Өзіңнің фәни екеніңді ұмытпа. Сонда нәпсіқұмарлықтың тұйық көшелерінде адаспайсың.).
Екі нәрсені ұмыт:
1.Саған жасалған жамандықты ұмыт. (Мәулана айтқандай, «Бұтағындағы тікендерге сабыр сақтап, разы болуы раушанды гүлдердің шахы қылды».)
2.Жасаған жақсылықтарыңды ұмыт. (Әр жақсы амалыңды Раббыңның сыйы деп біл. Саған сол жақсылықты істеу сезімі мен ықыласын Раббыңның сыйлағанын есіңнен шығарма! Оған шүкірлік ет! Сөйтіп нәпсіңді күшейтіп құтырудан, оған үлес беруден құыл)».
Шын мүмін – құрғақ нан тілімінің өзінен бақыт таба алған, оған қуанған. Алла жазған өмірдің қуанышы мен қайғысында имандылықың тыныштық халін сақтай білген, өз халіне разы болған жан.
Дереккөз: Muslim.kz порталы