Бес түрлі адаммен сөйлеспе!
Имам Мұхаммед Бәкір: «Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған: «Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма», – деп насихат айтты.
– Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз?» – деп сұрадым. Сонда былай деп түсіндірді:
– Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді.
– Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе?» – деп сұрадым.
– Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе.
– Әкетай, екіншісі кім?
– Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді.
– Үшіншісі кім?
– Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді.
– Төртіншісі кім?
– Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді.
– Әкетай, бесіншісі кім?
– Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым.
Дереккөз: muslim.kz