«Бір» және «нөл»

12 наурыз 2021 6468 0
Оқу режимі

У-шу болып жатқан сыныпқа кіріп келген ұстаз шәкірттеріне сынай қарап тұрды да тақтаға үлкен қылып «1» санын жазып:

- Бұл – «ИМАН», адамдарда болуға керек ең бірінші қасиет осы «ИМАН» болуға тиіс, – деді. 

Сосын «1-дің соңына «0»-ді жазып: «Бұл – МАХАББАТ. Ал, бұл бір ғана болып тұрған ИМАНДЫ 10-ға айналдыра алады, сосын – ТАБЫС,  ол 10-ды 100 болдырады», – деп жалғастырып, ары қарай ТӘРТІП, ТӘЖІРИБЕ, БІЛІМ, АДАМГЕРШІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ т.б. жақсы қасиеттер мен құндылықтарды тізбелеп, «нөлдерді» қосып жаза берді.

Осылайша, 1-дің артына нөлдер тіркеліп жазыла бастағанда,  шәкірттер санаудан жаңылды. Сол кезде ұстаз сүрткішті алды да ең алдына жазылған 1-ді өшіріп тастады да: «Өздерің көріп тұрғандай, ИМАН болмаған жерде қалғанының бәрі –  нөл», – деді. 

Амантай Тойшыбайұлы

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру