Бұлардың бойында нендей шипа барын білесіз бе?

23 қаңтар 2020 7805 0
Оқу режимі

Жеміс-жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылықтарға өте бай екені ежелден белгілі. Бірақ, күнделікті өмірімізде төмендегі көкеніс пен жемістердің мынадай шипалары барын барлығымыз біле бермейміз. 

Асқабақ

1. Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді.  
2. Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады.  
3. Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды.  
4. Құртты түсіру үшін ішкі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізеді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2-3 күн ішеді.  
5. Таспа, сазан құрттарды түсіреді.  
6. Көкжөтелге ем болады.  
7. Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды.  
8. Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады.  
9. Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа.  
10. Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді.

Алма

Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем-дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алмұрт

Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру