Екі рет жазаланған ұры

05 қыркүйек 2020 5859 0
Оқу режимі

Бір күні халифа Омардың алдына бір ұрыны ұстап әкелді. Халифа тұрып: «Сен неге ұрлық жасадың?» – деп сұрай бастады.

–  Мен ұрлық жасасам, ол – Алланың тағдыры. Құдай қаламаса, мен осылай жасар ма едім? – деп безірейіп тұра берді.

Осы сөзді естіген Омар (р.а.) ұрыға екі бірдей жаза тағайындайды. Саусағын да кестірді, арқасына дүре де соқтырады. Осының бәрін көріп тұрғандар: «Неге бұлай жасайсың, әй, Омар», – деп сұрай бастады. Сонда халифа: «Ұрлық жасағаны үшін қолын кестірдім, Аллаға жала жапқаны үшін дүре соқтырдым», - деп жауап қайырды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру