«ҒАПЫЛДАРДАН БОЛМА» («Бақара» 7\205)

18 сәуір 2024 1795 0
Оқу режимі

Мына ғибрақа толы хикаяға назар аударсақ, Емен аймағында тұратын жомарт бір адамның Сана қаласына жақын маңда жүзім, құрма және тағы басқа да жемістер егетін бақшасы болыпты. Ол кісі өнім жинайтын кезінде кедей-кепшіктерге, жаңашыры жоқтарға, шамасы жоқ әлсіздерге зекет беру үшін, өнімнің басым бөлігін арнайы бөліп алып, таратып шығатын. Қартайып бойынан қуаты кетіп, дүниеден өткенде, балалары дүниеге салынып:

«Жанұямызда аз адам емеспіз. Асып бара жатқан дүниемізде жоқ. Бұдан бұлай кедейлерге ештеңе бермейміз. Олар келмей тұрып, өнімімізді жинап алайық!..» – деп өзара келіседі. Алла Тағала олардың жаман ниеттеріне қарай бақшаларының астаң-кестеңін шығарып, жермен-жексен етеді. Орасан жерді алып жатқан бақша адам танымастай қалге келеді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғаның білмей әбіржіп: «Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы?» – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалады. Олар әкелерінің жомарттық танытып, мұқтаждардың көңілін аулап, кедейлердің қайырлы дұғасын алуы бақшасының өнімін одан сайын берекеттендіретінінен мақрұм еді.

Ол жердегі барша кедейлер мен жоқ-жітіктер бақшадан өз нәсіптерін алып жүретін-ді. Бірақ балалары әкелерінің таратқан зекеті орасан зор болып көрініп, оны бергілері келмейтін.

Олар Алланың бақша мен егіндікке берген берекетінің қайдан келетінінен мақрұм болатын. Өйткені, ғапылдық пен дүниеге салынуы олардың жүректерін қарайтып көрсоқырлыққа итермеледі. Сондықтан да Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ғапылдардан болма» («Бақара» 7\205). «Жақсыны арман аздырар, жаманды құлқын тоздырар» – деген нақыл сөздің сыры осында жатқан болар.

 

Нұрсұлтан ҚАЛДАРХАНҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру