ҒАЙБАТТАН - ӨСЕКТЕН ҚАЙТАРУ
Ибн Абу Нажих айтады:
“ Бір аласа бойлы әйел Пайғамбарымыздың алдына кірді. Ол әйел шыққаннан соң, Айша анамыз:
”Бойы өте кішкентай екен”,- деді.
Пайғамбар (с.а.у):
“Cен оны ғайбаттадың”, - деді.Сонда Айша анамыз:
“Не деген болсам, ондағы бар нарсені айттым ғой”, - деді.
Пайғамбар (c.а.у) айтты:
”Сен ондағы ең жаман нәрсені айттың” - деді.
Абу Саид Худрий риуаят етеді:
Пайғамбар (с.а.у):
“Миъраж түні бір қауым денесіндегі бір бөлік етті кесіп алып, оны жеп тұрған кезінде олардың қасынан өтіп қалдым.
Кейін оларға Жәбірейіл (а.с) былай деді:
”Достарыңыздың етін жегеніңіз сиықты, жей беріңіздер” - деді.
Мен:
“Ей, Жәбірейіл (а.с), олар кімдер?” – деп сұрадым.
Хазіретті Жәбірейіл:
“Олар үметтеріңіздің арасындағы өсекшілер”, - деп жауап берді.
Жабир Ибн Абдуллаһ былай риуаят етеді:
”Пайғамбарымыздың (с.а.у) дәуірінде бір сасық иісті жел соғады еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у):
“Мұнафықтар мұсылмандарды ғайбаттады, сол үшін сасық иісті жел тұрды“, - деді.
Ғұламалардың кейбіреуінен:
“Пайғамбар (с.а.у) дәуірінде ғайбат өсек айтылса төңірек сасып кететін, сөйтіп ғайбат өсек айтылғаны білінетін. Ал, біздің дәуірімізде ол сасық неге сезілмейді? -деп сұралғанда:
“Өйткені, біздің дәуірімізде өсек көбейіп, мұрындарымыз ғайбаттың сасық иісімен толып біткен. Мұның ұқсасы:
«Бір адам тері илеушілердің жанына кірсе, ондағы сасық иістен оладың жанында тұра алмайды. Бірақ ол жерде жұмыс істеушілер жайбарақат істеп, тамақтана береді. Өйткені олар ол иіске әбден үйреніп кеткен. Біздегі қазіргі ғайбат істері сондай жағдайда», - деген.
Суддийдан: Салман Фарсий (р.а) бірде адамдармен бірге сапарда шығады. Олардың арасында Умар (р.а) да бар еді. Олар бір жерге барғанда тоқтап, шатырларын құрып, тамақ істей бастайды. Салман болса ұйықтап қалады. Содан сапарластардың біреуі:
«Бұл құл дайын шайырлары жатып, пісірілген дайын тамақды ғана қалайды», - деді. Жолдастары Салманды оятып:
«Пайғамбар (с.а.у) алдына бар және бізге тамақ сұра», - деді. Сосын Салман Пайғамбарымыздың алдына келіп, олардың сұрағанын айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) Салманға:
«Оларға айт, олар тамақтанды» - деді. Салман болса дереу Пайғамбарымыздың (с ғ.с) сөзін жеткізді. Олар:
«Тамақтанғамыз жоқ» - деді. Сонда Салман Фарсий (р.а): «Пайғамбарымыз (с.а.у) өтірік сөйлемейді», - деді.
Сосын олардың барлығы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына келді.
Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) оларға:
“Сіздер бауырларыңыздың етінен жедіңіздер. Өйткені ол ұйықтаған кезде, ол жөнінде не айтқан болсаңыздар, сол”, - деді.
Және:
“Ей, мүміндер! ,Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі күнә“.
“Біреулеріңіз біреулеріңізді ғайбаттамаңыздар. Сіздердің біреулеріңіз өлген туысының етін жегенді жақсы көре ме? Әрине жеккөреді” - деген Хужурат сүресінің 12- аятын оқыды. Сондықтан өлген туысқаныңыздың етін жегенді қалай жек көрсеніздер, туысқаныңыз, досыныз жоқ жерде, тіпті кім болса да, оны сыртынан ғайбаттаудан сақтаныңыздар.
Хасан Басрйиге бір адам:
”Біреу сізді ғайбаттады“ - деді. Сонда Хасан Басрий әлгі өзін ғайбаттаған адамға бір табақ құрма жіберіп:
“Сен өзіңнің жақсылық қасиеттеріңді маған һадия (сыйлық) етіпсің. Мен бұл ісін үшін сені марапаттауды қаладым. Сенен кешірім сұраймын? Сенің сыйлығынды толық етіп қайтаруға шамам жетпеді!“ - депті...