ІБІЛІСТІҢ СЫРЫ
26 қазан 2021
7595
0
Оқу режимі
Бір күні Яхия пайғамбар (ғ.с.) Ібіліспен кезігіп, одан: «Ей, Ібіліс! Айтшы, дүниеде ең көп кімді жақсы көресің, кімді жек көресің?» – деп сұрайды. Ібіліс оған: «Ең көп жақсы көретінім – мұсылманның сараңы, ал ең қатты жек көретінім – пасық бола тұра жомарт адам», – деп жауап береді. Яхия (ғ.с.) «Бұның себебі не?» – деп сұрағанда, шайтан: «Өйткені сараңның сараңдығының өзі маған жеткілікті, ал пасық бола тұра жомартқа келсек, Аллаһ оны сол жомарттығы үшін-ақ кешіруі мүмкін», – деп түсіндіреді.
Сөйтеді де артынан шайтан: «Егер сен Яхия болмағаныңда, бұл сырымды айтпас едім», – деп кетіп қалады.
Құдайберді Бағашар
Дереккөз: muslim.kz мұрағатынан
Пікірлер
Кіру