ИТИКАФ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРТТАРЫ

28 наурыз 2024 2201 0
Оқу режимі

Итикаф – ерлер үшін бес уақыт намазы жамағатпен оқылатын мешітте, әйелдер үшін өз үйлерінде (мешіт ретінде пайдаланылған) намаз оқитын жерде итикаф ниетімен біраз уақыт тұрудан тұрады. Итикафтың үш түрі бар: уәжіп, сүннет муаккада және мұстахаб. Нәзір етілген итикаф уәжіп. Рамазанның соңғы он күнінде жасалған итикаф муаккада ретінде сүннет. Басқаша айтқанда, егер қаладағы бір адам итикафқа кіретін болса, басқаларынан жауапкершілік түседі. Ғибадат пен мойынсұну мақсатында қасиетті Рамазан айынан тыс уақытта мешітте итикаф ұстау мұстахаб. 

Итикафтың шарттары: Итикафқа кіретін адам итикафқа ниет еткен болуы, мұсылман әрі ақыл-есі дұрыс болуы, жүніп, етеккір және нифас күйінде болмауы керек. Жамағат намазы оқылатын мешітте немесе мешіт болып саналатын жерде итикаф жасалуы керек. Әйелдер үшін өз үйлерінде мешіт ретінде пайдаланатын орындар мешіт болып саналады. Уәжіп итикафты орындайтын адам ораза ұстауы керек. Мутәкиф (итикафтағы) себепсіз мешіттен шығып кетсе немесе әйелімен жыныстық қатынасқа түссе, оның итикафы бұзылады. Мутәкиф діни, адами немесе маңызды қажеттілікпен мешіттен шығып кетсе, итикафты бұзбайды. Егер өзі жатқан мешітте жұма намазы оқылмаса, жұма намазын оқу үшін жақын жердегі мешітке баруы керек.

 

Пікірлер Кіру