Мінсіз әйел болудың 10 жолы

25 желтоқсан 2018 11463 0
Оқу режимі

Алланың разылығын тауып, жұбайының көңілінен шығып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп өсіру – әрбір қыздың арманы. Ал ол үшін не істеу керек?

1. Жиі дұға етіңіз.

Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі.

2. Күйеуіңізді сыйлаңыз.

Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз.

3. Күйеуіңізге қолдау көрсете біліңіз.

Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз.

4. Әдемі болып жүріңіз.

Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз.

5. Шүкіршілік етіңіз.

Ерінің тапқан табысына үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді еркек ұнатпайды. Сондықтан Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілк етіп, қолдағы барды қанағат тұтыңыз.

6. Күлімдеп жүріңіз.

Әрқашан күлімдеп жүруге тырысыңыз. Әсіресе жарыңыз жұмыстан шаршап келгенде жылы жүзбен қарсы алыңыз.

7. Үй шаруасына ұқыпты болыңыз.

Таза үй, дәмді ас пен тап-тұйнақтай балалар үйдің берекесін кіргізеді.

8. Ашуға жол бермеңіз.

Түсіністік пен реніш туа қалса, сабырлылық танытып, ашуыңызды ақылға жеңе біліңіз.

9. Кешірімді болыңыз.

Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде «жинап» жүрмеңіз. Болған нәрсені тез ұмытып, оңай кешіре біліңіз.

10. Қайын жұртыңызбен тату болыңыз.

Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс дәл осы «менің анам, сенің анаң» дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді барынша сыйлап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.

Пікірлер Кіру