«Намазды сол жерден үзсем бе екен?!»

29 қазан 2018 9764 0
Оқу режимі

Бір күні Ибн Мәсғуд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) нәпіл намаз оқығанын көріп, байқатпастан артына ұйи қалады. Бұл оқиғаны өзі былай баяндайды: «Намазға тұра қалдым. Бар болғаны екі рәкат намаз еді, бірақ Алла елшісі намазда бүкіл дүниені ұмытқандай күй кешті.

«Бақара» сүресін бітіргенде, рукуғқа баратын шығармыз деп ойладым. Ол  «Әли Имран» сүресін қоса оқи бастады. Біткен кезде «Енді рукуғқа баратын шығармыз» деп көңілім байыз таппай тұр еді, артынша «Ниса» сүресін бастап кетті. «Нисадан» кейін «Мәида» сүресін толық оқып барып, рукуға иілді. Алғашқы рәкаттың өзінде-ақ осы төрт сүрені, яғни Құранның 124 бетін оқыды. Сол уақытта маған бір ой  келді.

Жанында отырған сахабалар таңырқап: «Ол қандай ой?» – деп сұрады. Сонда Ибн Мәсғуд (р.а): «Намазды сол жерден үзсем бе екен деп ойладым», – деген екен.  

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру