ҚАДІР ТҮНІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алла тағала кейбір қадірлі нәрселерді хикметпен жасырған. Мысалы, құлдарының барлық ғибадат пен құлшылығынан нәсібін алу үшін ризалығын құлшылық-ғибадатқа, үлкен-кіші күна атаулыдан аулақ болу үшін азап-ашуын күнәларға, Құран кәрімді толық хатым етіп тағзым ету үшін Исм Ағзамды Кұран кәрімге, намазын қаза қылмай, дұрыс мән беруі үшін салат устайы бес уақыт намаз ішіне, күн бойына дұға етсін деп, қабыл болатын уақытты жұма күніне, басқасы төменшектемесін деп әулие құлдарын адамдар арасына, рамазан айының әр түнін құлшылықпен, ғибадатпен өткізіп, көбірек сауап алсын деп Қадір түнін рамазан айының бір кешіне жасырған.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қадір түнінің кейбір белгілерін былай білдірген: «Ол түні аспан шайдай ашық, бұлтсыз, жайлы қоңыр самал есіп түрады. Ол түннің таңы да баяу атады. Қадір түні Құран кәрім түскен мүбәрак түн. Бұл түні жасалған ғибадат мың айда жасалған ғибадаттан қайырлы.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) алдыңғы өткен үмметтің өмірі көрсетіледі. Өз үмметінің өмірі қысқа екенін көріп, Аллаға дұға қылады. Дұғасына жауап ретінде, Алла тағала мың айдан қайырлы болған Қадір түнін ихсан етеді. Қадір түнінде періштелер жер бетіне түседі. Бұл түннің сырларына терең бойламақ болып енген періштелердің жер жүзіне толып, көптігінен тарылғанына орай, бұл түнге «тар» мағынасын беретін «қадр» есімі берілген.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Қадір түні болғанда Алла тағаланың әмірімен Жәбрайыл періште жасыл байрақ ұстаған басқа періштелермен бірге жер бетіне түсіп, байрақты Қағба муаззаманың үстіне тігеді. Бұл түнде Жәбрайылдың нұсқауымен басқа періштелер тұрғанға, отырғанға, намаз қылғанға, зікір еткенге бәріне сәлем беріп, олармен қол алысып, жасаған дұғаларына «әмин» дейді. Таң ағарғанға дейін осылай жалғасады».