ҚАЗАҚ КҮН-ТҮН МЕЗГІЛДЕРІН ҚАЛАЙ АТАҒАН?

11 қазан 2024 703 0
Оқу режимі

Алакеуім – жер беті толық жарықтанбай, болар-болмас бозғылт тартқан мезгіл.

Құланиек – таң жаңа сыз берген мезгіл.

Таң сəрі – жерге жаңа жарық түскен мезгіл.

Таңертең – таң атқаннан сəскеге дейінгі мезгіл.

Сəске – күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл.

Сиыр түс – күн арқан бойы көтерілген мезгіл.

Ұлы сəске – түске жақындаған мезгіл.

Түс – сағат 11–12 мезгілі.

Тал түс – сағат дəл 12 мезгілі.

Шаңқай түс – сағат 1-лер шамасы.

Ұлы бесін – сағат күндізгі 1–2-лер шамасы.

Кіші бесін – сағат күндізгі 3-тен өткен мезгіл.

Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл.

Қызыл іңір – күн батқанмен, күннің қызылы батыстан əлі жоғала қоймаған мезгіл.

Кеш – күн толық батқан мезгіл.

Ақшам – қас қарайып, шам жағар мезгіл.

Іңір – алғашқы түн.

Жарым түн – түннің ортасы.

Түн – қас қарайғаннан таң атқанға дейінгі мезгіл.

Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру