ҚАЗАҚТЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ

17 сәуір 2024 1982 0
Оқу режимі

Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V-VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз.

IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» шығармасын  араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған.  Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Иүгнеки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық «тәуба» философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына, әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі  оның тұрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб – парсы философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі, салты, ерекшелігіне сай қабылдаған.

VIII-IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді. Қазақ арасында Қорқыт ата туралы  тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көзқарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгі өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті. Ол өмірдің қиындықтарына мойынсұнбай үнемі күресе білуге шақырды, әрбір істің ізгілік пен жақсылыққа негізделіп жүзеге асуын уағыздады. Бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады. Қазіргі уақытта 22-ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ «Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ». Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Қорқыт кітабі 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі нұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрезден (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған. Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт-сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.

XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ақылшысы болған өзінің философиялық жыр талғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып мінез құлқын мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада Ұлытауда дүние салған.

XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.

Сондай-ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың «Қырық бес қара сөзіндегі» ой толғау дәстүрін  дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.

Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.

 

Пікірлер Кіру