ҚАЗАҚТЫҢ ОЛЖА БӨЛУ ДӘСТҮРІ

23 желтоқсан 2024 413 0
Оқу режимі

Олжа деген не?

Олжа – соғыс немесе аңшылық кезінде қолға түскен мал-мүлік, байлық немесе тұтқындар мен балаларды -“Олжа” деп атаған.

Қазақ дәстүрінде тауып алған қымбат, құнды заттың иесін іздестіреді. Үш рет “олжа -олжа-олжа”деп айғалайды. Ергер иесі жоқ болған жағдайда, ол тауып алған адам мен көрген адамға олжа болып саналады. Оны бөлісу ережелері бар. Бұл жағдайда олжа әділдік пен келісім негізінде бөлінеді. Тауып алған адам мен қатысушылардың үлесі теңдей бөлінінеді.

Олжаның этимологиялық мағынасы

Қазақ тіліндегі «олжа» сөзінің этимологиялық мағынасы қызықты әрі тарихи мәні бар. Бұл сөздің түп-тамырына үңілсек, бірнеше маңызды ұғымдарға көз жеткіземіз.

1. Түркі тілдері:

«Олжа» сөзі - түркі тілдерінен шыққан, оның көне түркі тілінде де кездесетіндігі анық. Көне түркі тілінде «улжа» (ulja) немесе «өлжі» (ölji) деген сөздер болған. Бұл сөздер де «олжалы болу», «табыс», «олжаланған мүлік» деген мағыналарды білдіреді.

2. Қолға түскен мүлік:

«Олжа» сөзі - бастапқыда соғыс немесе аңшылық кезінде қолға түскен мүлікті, байлықты білдірген. Яғни, жауынгерлер немесе аңшылар алған олжаны өзара бөліп, бөлісетін болған.

3. Қазақ халқындағы мағынасы:

Қазақ халқында «олжа» сөзі көбінесе соғыс немесе аңшылық кезінде алынған байлық, трофей, мүлік деген мағынаны білдіреді. Мұнда олжаның әділ бөлінуі, әлеуметтік әділеттілікті сақтау маңызды болған.

4. Табыс және сәттілік:

Сонымен қатар, «олжа» сөзі кең мағынада «табыс», «сәттілік», «құт-береке» деген мағыналарды да қамтиды. Бұл тек материалдық мүлік емес, сонымен қатар рухани байлық, бақыт, жақсы нәтиже деген ұғымдарды да білдіруі мүмкін.

Олжа бөлісу мәні

Қазақ халқының «Олжа бөлу» дәстүрі – көшпелі қазақ қоғамында маңызды рөл атқарған құнды салт-дәстүр болып саналады. Бұл дәстүр негізінен соғыс немесе аңшылық кезінде түсетін олжаны (мүлік, мал, азық-түлік және т.б.) әділ бөлісуді көздейді. Олжа бөлу дәстүрінің мәні мен негізі бірнеше тәртіпке бағынады.

1. Әділеттілік пен бірлік:

Олжа бөлу дәстүрі қоғамдағы әділеттілікті сақтап, мүлікті теңдей бөліп, әрбір мүшенің үлесін алуды қамтамасыз етеді. Бұл қоғамда бірлікті нығайтады.

2. Әлеуметтік қорғау:

Олжа бөлу арқылы қоғамның әрбір мүшесі, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмендер, жесірлер мен жетімдер , өз үлесін алып қуанып бір қажетін шешіп алады.

3. Әскери мораль:

Соғыс олжасын бөлісу жауынгерлердің моральдық рухын көтереді, олардың батылдық пен ерлік көрсетуге ынтасын арттырады.

Олжа бөлісу заңы

Қасым ханның «Қасқа жолы» – қазақ халқының XV-XVI ғасырларда қалыптасқан алғашқы заңдар жиынтығының бірі. Бұл заңдар жиынтығы қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды реттейтін негізгі ережелерді қамтыды. «Қасқа жол» халық арасында әділдік пен тәртіп орнатуды көздеген. «Қасқа жол» заңдар жинағы негізінен бес бөлімнен тұрды:

1. Мүлік заңы

2. Қылмыс заңы

3. Әскери заң

4. Елшілік жоралары

5. Жұртшылық заңы

Әскери заң бөлімінде олжа бөлісу мәселелері де қарастырылған. Қасым ханның «Қасқа жолында» нақты олжа бөлісу туралы кейбір ережелер мен нормалар жалпы әскери заңдар аясында қамтылған. Ондағы олжа бөлісу туралы ережелерде, Қазақ хандығындағы заңдар жинақтары бойынша, соның ішінде «Қасқа жолда», олжа бөлісуде мынадай заңдар жасалған.

1. Әділ бөліс:

Соғыс кезінде түсетін олжа әділдік принципіне сәйкес бөлінеді. Әрбір жауынгер өзінің еңбегіне, ерлігіне қарай үлесін алуға құқылы.

2. Әлеуметтік тепе-теңдік:

Олжа бөлісу арқылы қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдік сақталады, әрбір мүше өз үлесін алады.

3. Ерекше құқықтар:

Соғыс басшылары мен батырлар ерекше ерлігі үшін қосымша үлес алады.

Олжа ғұрыптары мен ырымдары

Олжа бөлу дәстүрі тек мүлікті бөлісумен шектелмейді, ол сонымен қатар белгілі бір ритуалдарды орындауды да қамтиды.

Құран оқу:

Олжа бөлісу басталғанға дейін діни рәсімдер орындалып, Құран оқылады, бұл Алладан береке сұрау үшін жасалады.

Құрбандық шалу:

Егер олжа көп болса, оған ризашылық білдіру үшін құрбандық шалынып, оның еті мейрамға келгендерге таратылады.

Келісім:

Олжаны бөлер алдында қауымның үлкендері, билер немесе ақсақалдар кеңесіп, қалай бөлісу керектігін келіседі. Осылай болғанда олжа жұғысты болады деп ырымдайды.

Әріптестік:

Олжа бөлісуде әркімнің еңбегі ескеріліп, әріптестердің үлесі анықталады. Үлес дүрыс тимесе, бөлген адам қарғысқа қалады деп қорқады.

Үлестіру:

Олжаны әділ үлестіру үшін арнайы таңдалған адам оны реттеп, бөлуді жүргізеді. Сонда олжа қайрлы болады деп ырым етеді.

Діни және әдептік талаптары

1. Қазақ халқы ислам дінін ұстанғандықтан, тұтқындар мен күңдерді бөлу де белгілі бір діни талаптарға сай жүргізілген. Ислам діні бойынша тұтқындар мен күңдерге адамгершілікпен қарау, олардың құқықтарын қорғау ең маңызды орында қарастырылған.

2. Тұтқындарды бөлу кезінде әдептік нормалар мен адамгершілік қағидаттары сақталған. Тұтқындар мен күңдердің жағдайы туралы арнайы ережелер болған.

3. Соғыста қолға түскен тұтқын ерлер мен әйелдер, сондай-ақ күңдер де қазақ қоғамында олжа ретінде есептелген және оларды да бөлісу дәстүрі болған. Бұл дәстүрдің негізінде бірнеше маңызды аспектілер мен ережелер жатқан.

Тұтқындар мен күңдердің олжа болуы

(Соғыс жағдайы)

1. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар (ерлер, әйелдер және балалар) әскери олжа ретінде қарастырылған. Тұтқындарды бөлісу де сол дәуірдің әдет-ғұрыптары мен заңдарына сәйкес жүргізілген.

2. Бөлісу рәсімі:

Олжа бөлу кезінде тұтқындар да басқа мүліктер сияқты әділ бөліске түскен. Бұл процесс қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

3. Әлеуметтік статус:

Соғыс тұтқындары мен күңдер өз иелерінің меншігі болып, оларды жұмыс күші ретінде пайдаланған немесе кейде оларды құл ретінде сатқан.

Ер тұтқын

Соғыс кезінде қолға түскен ерлер көбінесе әскери қызметке немесе ауыр жұмысқа жегілген. Олар жаңа иелерінің шаруашылығында еңбек еткен.

Әйелдер мен күңдер

1. Тұтқын әйелдер көбінесе үй қызметшісі, күң ретінде пайдаланылған. Оларды иелері үй шаруасына, мал бағуға және басқа да қызметтерге жеккен.

2. Күңдер де үй шаруасында, егін шаруашылығында немесе басқа да жұмыстарда пайдаланылған.

3. Қазақ қоғамында олжаға түскен күң әйелді үйленуге немесе тоқалдыққа алуға болады. Бұл құбылыс қазақтың әдет-ғұрыптарында кездеседі. Олжаға түскен әйелдерді үйленуге немесе тоқалдыққа алуды "күләндік" деп атаған.

Күләндік туралы

1. Құқықтық және Әлеуметтік Жағдай: Олжаға түскен әйелді үйленуге немесе тоқалдыққа алу оның жаңа әлеуметтік статусын анықтайды. Бұл әйелдер жаңа отбасына кірігіп, олардың құқықтары мен міндеттері қалыптасады.

2. Діни және әдептік талаптар:

Ислам діні бойынша тұтқындарды адамгершілікпен қарау және оларға жақсы жағдай жасау талап етіледі. Мұсылман ер азамат тұтқын әйелді некеге алу арқылы оның жағдайын жақсарта алады.

3. Келісім:

Күләндікке алынған әйелдің келісімі маңызды. Бұл процеске қоғамның үлкендері, ақсақалдары қатысып, олардың келісімімен жүзеге асады.

4. Күләндік әйелден туған баланы қазақ қоғамында ерекше атауымен атамаған, яғни ол заңды түрде туылған балалармен тең құқыққа ие болған. Мұндай балалар өздерінің әкелерінің ұрпағы ретінде қаралып, толыққанды отбасы мүшелері болған.

5. Күләндік әйелден туған балалардың заңды статусы туралы нақты атау болмағанымен, оларды жалпы тұрмыстық және әлеуметтік тұрғыда қарапайым ұғымдармен сипаттаған. Бұл балалар өздерінің әкелері мен отбасының толыққанды мүшесі болып есептеліп, басқа балалардан еш айырмашылығы болмаған.

Олжаның әлеуметтік мәні

1. Тұтқындарды бөлу арқылы қазақ қоғамында әлеуметтік тепе-теңдік сақталды. Бұл дәстүр әділдік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, қоғамның әр мүшесінің өз үлесін алуға мүмкіндік берді.

2. Интеграция:

Кейде тұтқындар мен күңдер уақыт өте келе қазақ қоғамына сіңісіп, жаңа отбасы мүшелері ретінде қабылданған. Бұл олардың жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуіне септігін тигізеді.

Олжа берекесі

Батырдан олжа дәмет,

Қатыннан қалжа дәмет.

(Халық мақалы)

Олжа бөлу - қазақ қоғамында үлкен маңызға ие жақсы дәстүр болып саналады.

1. Олжа бөлісу - қоғамдағы адамдар арасындағы татулық пен ынтымақты нығайтады.

2. Әрбір адамға өз үлесін арааздықсыз алып, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

3. Қоғамның материалдық байлығын әділ тарату арқылы әл-ауқатын арттырады.

4. Олжа бөлу дәстүрі қазақ халқының тарихи дамуында ерекше орын алады. Бұл салттың тамыры тереңде, көшпелі өмір салты мен әскери демократия дәстүрінің негізін қалған тура жол.

5. Қазақ хандары мен билерінің заңдарында олжа бөлу мәселесі арнайы қарастырылған. Хан, би, сүлтан, қазылардың олжа бөлінен олардың әділдігі мен әділетсіздін анық көріп отырған.

6. Қазақ халқының олжа бөлу дәстүрі қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымын реттеуде, әр адамның еңбегін бағалауда, қоғамның ынтымағы мен татулығын сақтауда үлкен рөл ойнаған дәстүр деп бағалау керек.

Жалпы қорытынды

1. «Олжа» сөзі түркі тілдерінің тарихына терең тамыр жайған, ол бастапқыда соғыс пен аңшылықтағы табысты білдірсе де, уақыт өте келе оның мағынасы кеңейіп, жалпы табыс, сәттілік, құт-береке ұғымдарын да қамтитын болған. Қазақ халқындағы олжа бөлу дәстүрі осы сөздің мағынасын тереңдетіп, оның әлеуметтік және мәдени мәнін айшықтай түскен.

2. Қасым ханның «Қасқа жолы заң жарғысында» олжа бөлісу туралы нақты ережелер бар. Қазақ хандығындағы жалпы құқықтық нормалар мен әскери дәстүрлерге сүйенсек, олжа бөлісу мәселелері де осы заңдар жинағында қарастырылған маңызды дәстүр екеніне нақты көзіміз жетеді.

3. Олжаға түскен күң әйелді некеге алу немесе тоқалдыққа алу қазақ қоғамында қалыптасқан дәстүр болған. Бұл арқылы әйелдер жаңа әлеуметтік ортаға бейімделіп, жаңа құқықтар мен міндеттерге ие болған. Бұл дәстүр "күләндік" деп аталған. Қазақ халқының “Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай” ата дәстүрін ұлы мұрат етіп ұстанған ұлы халық екенін түсінген үстіне түсінеміз.

Олжа туралы мақал-мәтелдер

Бір кісі мың кісіге олжа салар.

Олжа, кіріс, пайда, табыс, ұтыс

Отын - олжа, су - нұрлық.

Оңай олжа оңалтпас.

Артық олжа - басқа азап.

Өзіңді олжалатпай,

Өзгені олжалай алмайсың.

Келер жері кең болсын,

Алған олжа оң болсын.

Алыстан арбалағанша,

Жақыннан олжала.

Бір пайда - пайда,

Екі пайда олжа.

Қайырсыз олжадсн,

Қайырлы залал артық.

Төгілген топырағымен толады,

Олжа әділдігімен болады.

Олжа тапқан қуанады,

Таныған алады,

Олжаны тапқан қуанады,

Көрген бөліседі.

Жаманға олжа түссе,

Үлесе алмай көпке түседі.

Біреудің ботасын олжаласаң,

Өз тайлағың олжаға кетеді.

Шайнаған олжа емес,

Жұтқан жұтқан олжа.

Батыр олжамен ұлғайады,

Қатын қалжамен марқаяды.

Керекті таста олжа,

Керексізін таста.

Ортақ малды олжа көрме,

Ортақ ойды менікі деме.

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

 

 

Пікірлер Кіру