ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ЖАЙЛЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ НЕ АЙТТЫ?

21 маусым 2023 4787 0
Оқу режимі

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Алла тағалаға тән, Аллатың сәлемі және игілігі пайғамбары Мұхамметке, үй ішіне, әрі барша үмметіне болсын.

«Айт» сөзі араб тілінен алынған, «қайту, оралу, мейрам, қуанышты күн» деген мағыналарды білдіреді. Қуанышты сәт саналуының себебі - отыз күн оразадан кейінгі ауыз ашу болса бірі, екіншісі - қажылық жасап күнәдан тазарғаннан кейінгі құрбан шалып, мейрамдап атап өткендіктен айт деп аталады. Яки айт деп аталу себебінің өзі олар әр жыл сайын мұсылмандарға құлшылық ғибадаттарын орындағаннан кейін қуаныш, жақсылық алып келеді.

Мұсылман үмбеті үшін ерекше құрметке ие, асыл дініміздегі екі үлкен мейрамдардың бірі Ораза айт мейрамы болса, екіншісі - Құрбан айт мейрамы. Тарихқа қарайтын болсақ пайғамбарымыздың өзі бұл екі күнді үмметі үшін мейрам ретінде белгілеп кетті.

كما رُوِيَ أنه قدم للمدينة و لأهلها يَوْمان يلْعبونَ فيهما فقال : ما هذا اليومان ؟ قالوا : كُنَّا نلعب فيهما في الجاهِلية ، فقالَ عليه الصلاة وَالسلام : إنَّ الله قدْ أبدلكما بهما خيرا منهما عيد الفطر وَ عيد الأضحى

Риуаят етілгендей Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Медина келген кезде Медина халқының екі күнді мейрамдап ойын-сауық салып жүргенін көреді. Сөйтіп пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтады:

- Бұл қандай күндер? -деп сұрақ қояды.

Медина халқы:

- Біздер жаһилиятта (қараңғылық кезде) бұл күндері ойын-сауық құратын едік деп жауап береді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға:

- Расында Алла Тағала ол екі күндеріңді сендерге ол екеуінен де жақсырақ болған Ораза және Құрбан айт мейрамдарымен ауыстырып берді - деген екен. [3]

Құрбан айт – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады. Cондай-ақ, құрбандық шалуға байланысты мынадай аяттарды келтіруге болады: «Әрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген түрлі пайдаларын көрсін. Алладан өздеріне ризық ретінде берілген құрбандық малдарды белгілі күндерде Алланың атын айтып, құрбандық шалсын. Оның етінен өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер!» (Хаж сүресі, 27-28). [4]

 

Қасиетті Құранда тағы бір аятта:

فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَى فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانْظُرْ مَاذَا تَرَى قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ (102) فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ (103) وَنَادَيْنَاهُ أَنْ يَا إِبْرَاهِيمُ (104) قَدْ صَدَّقْتَ الرُّؤْيَا إِنَّا كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (105) إِنَّ هَذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِينُ (106) وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ (107) وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآَخِرِينَ (108) سَلَامٌ عَلَى إِبْرَاهِيمَ (109) كَذَلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (110) إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ

«Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде:  «Балақайым! Сені түсімде бауыздағынымды көремін; назар аудар, көзқарасың не? «, -деді. Ол : «Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың» деді. Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. Біз, оған: «Әй Ыбырайым!», - деп, дыбыстадық. «Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз» (дедік). Шын мәнінде Бұл бір ашық сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. Кейінгі нәсілдерге, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ыбырайым (ғ.с) ға сәлем. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді. [1]

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллақа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады.

Хазірет Ибраһимнен (а.с.) бері келе жатқан қажылықта орындалатын құрбан (һәди) шалу Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да (удхия құрбаны) міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Қасиетті кітабымызда:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ 

«Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал «.[1] 

قُلْ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحْيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де.

Сафуат тафасир кітабында бұл жайында мынадай түсіндірмелер келген:

«Яғни Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқын: « Расында Раббыма құлшылық ететін намазым, құлшылығым- яғни құрбандығым, тіршілігім және өлімімнің барлығы тек Алла үшін ғана сендердің ортақ қосуларыңсыз»- деп. (Әнғам 162) [2]

Құрбан айт мейрам болса да бұл күн алдындағы мұсылманның міндеттері, әдептері бар. Атап айтсақ:

1). Құрбан айт мейрамы болған түні тұрып намаз оқу, зікір айту және Құран оқумен айналысу жақсы амал болып табылады. Муғаз ибн Жабалдан келген хадисте :

عَنْ معاذ أنَّ رسول الله قال : مَنْ أحيا الليالي الأربع وجبت لَه الجنة:ليلة التروية ، و ليلة عرفة، و ليلة النحر، و ليلة الفطر.

«Кімде-кім мына төрт түнде намаз оқыса оған жаннат уәжіб болады: Таруия түні, арафа түні, Құрбан айт түні, Рамазан айт түні.»

وَ عن عبادة عن رَسول الله قالَ: من أحيا ليلة الفطر وَ ليلة الأضحى لم يمتْ قلبه يوم تموت القلوب

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:» Кімде - кім Рамазан айттың және Құрбан айттың түнінде Алладан сауаб үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде) оның жүрегін аман қалдырады».

Тағы бір хадисте:

وَ قال النبي : « مَنْ قام ليلة العيد مُحتسباً لم يمتْ قلبه يوم تموت القلوب»

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:» Кімде - кім айттың түнінде Алладан сауаб үміт ете отырып намаз оқыса, Алла Тағала жүректер өлетін күні (дін атаулы жоғалып, адамдар имансыз халде таң атырып кеш батырған кезде) оның жүрегін аман қалдырады «.

2) Айт намазының таңы атқанда тәкбір айтуды көбейту де жақсы амалдардан. Анастан келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

عَن أنس أنَّ رسول الله قال : « زَينواالعيدين باالتهليل والتكبير والتحميد و التقديس

«Мейрамдарыңды  ұлықтаумен, тәкбірмен, мақтаумен, құрметтеумен  зейнеттеңдер  (көрікті қылыңдар)».

Тағы бір хадисте :

 و عَنْ أبي هُريرةَ رَضي الله عَنهُ : « زَينوا أعيادكم بالكبير»  

 Әбу Хурайрадан келген хадисте: «Мейрамдарыңды тәкбірмен зейнеттеңдер  (көрікті қылыңдар).  

وقال ابن عباس: واذكروا الله في أيام معلومات: أيام العشر، والأيام المعدودات: أيام التشريق. وكان ابن عمر، وأبو هريرة: يخرجان إلى السوق في أيام العشر، يكبران ويكبر الناس بتكبيرهما. وكبر محمد بن علي خلف النافلة.
 

Ибн Аббас айтты: Белгілі күндерде Алланы еске алыңдар (зүлхижжа айының он күнінде) және санаулы күндерде (айт күндері). Ибн Омар және Әбу Хурайра Белгілі күндерде (зүлхижжа айының он күнінде) екеуі базарға шығып тәкбір айтатын сөйтіп адамдарда оларға ілесетін еді. Және  Мұхаммед ибн Әли  нәпілден кейін тәкбір айтатын еді. [5]

3) Келесі әдебіміз Арафат күнінің таң намазының бастап бес күн бойы намаздардан кейін тәкбірлерді айту

وَاذْكُرُوا اللَّهَ فِي أَيَّامٍ مَعْدُودَاتٍ 

4) Құрбан айт намазын ертерек оқу құрбандықтарды сою үшін.

5) Құрбан айт намазынның алдында ештеңе жемей бару.

عَنْ أنس قال: كان رسول لا يَخرجُ يوم الفطر حتى يطعم، وَلا يأكل يوم الأضحى حتى يصلى

Әнастан келген хадисте: Пайғамбарымыз  (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ораза айт күні тамақ ішпей шықпайтын еді, және Құрбан айт күні намаз оқығанша тамақ ішпейтін еді - дегенді жеткізеді.

6) Және бұл күндегі жақсы амалдардан жасалатын нәрсе шалған құрбандығын үш бөлікке бөліп беру яки бір бөлігін өзіне, екінші бөлігін жақын туыстарға үшінші бөлігін кедей -міскіндерге бөліп беру. [3]

Алла Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кенелтеді. Құрбан шалу да - Алла Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар

Кез-келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандық ретінде шалынатын малдың ерекшеліктері мынадай болуы қажет:

1. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Ал, үйрек, қаз тауық, түйетауық, елік секілді т.б. аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Бұларды құрбандық ретінде шалу харамға жақын мәкрүһ болып табылады. Өйткені мұнда мәжусиларға (отқа табынушылар) еліктеушіліктің нышандары бар. Қой, ешкі, сиыр және түйенің еркектері де, ұрғашылары да құрбандыққа жарамды.

2. Құрбандыққа жарайтын қой мен ешкі ең кемі бір жасар болуы қажет. Дегенмен алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Ал ешкінің міндетті түрде бір жасқа толған болуы қажет. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.

3. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшіліктер болмауы қажет.

4. Құрбандық мал ғибадат ретінде бауыздалуы шарт. Шын мәнісінде Алла пенделердің құлшылығына да, құрбандық шалуына да зәру емес. Құрбан шалудың бізге мәлім әрі беймәлім көптеген пайдалары мен хикметтері бар. Дегенммен негізгі мақсат – Алла тағаланың разылығына бөлену. Мал шалғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кәрімде былайша баяндалған: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллақа жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялағантақуалық, Аллақа деген құрмет» (Хаж сүресі 37).  [4]

 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде біздерге былай деп ескерту жасаған:

عن البراء رضي الله عنه قال:سمعت النبي صلى الله عليه وسلم يخطب فقال: إن أول ما نبدأ به من يومنا هذا أن نصلي، ثم نرجع فننحر، فمن فعل هذا فقد أصاب سنَّتنا، ومن نحر فإنما هو لحم يقدِّمه لأهله، ليس من النُسُك في شيء

Расында бұл күндегі біздің алғашқы ісіміз – намаз оқу, кейін қайтып келіп құрбандық шалу. Кімде-кім осылай істесе расында ол сүннетімізге қол жеткізгені. Ал егер намаз оқымай құрбандық шалып қойса, онда оның құрбандығы жай ғана ет болады. Құрбандықтан ешнәрсе таба алмайды - деген екен. [5]

 

حدثنا محمد بن عبيد الغبري. حدثنا حماد بن زيد. حدثنا أيوب وهشام عن محمد، عن أنس بن مالك؛
أن رسول الله صلى الله عليه وسلم صلى ثم خطب. فأمر من كان ذبح قبل الصلاة أن يعيد ذبحا

 

Бізге Мухаммад ибн убайд әл- ғобари, бізге Хаммад ибн Зайд, бізге Айюб және Һишам Мухаммедтен, Анас ибн Мәликтен жеткізді:

«Расында пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқыды кейін былай деп айтты: Кімде кім намаздан алдын құрбандық шалса, қайтадан шалсын» -дегенін. [6]

Жалпы құрбандық шалу өте сауапты істерден. Құрбандық шалу мұсылман адамға бұл дүниеде һәм ахиретте үлкен-үлкен сауаптар алып келеді. Сол себептен қадірлі жамағат шама-шарқымыз келгенше Алланың разылығын көздей отырып құрбандық шалайық.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам

Руслан Тыныштықұлы Султанов

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Қасиетті » Құран-Кәрім »

2. «Софуат -Тафасир » кітабы

3. «Жастар үшін Ислам әдептері » кітабы

4. «Құрбан айт - құтты мереке ». Әбсаттар қажы Дербісәлі

5.  Имам Бухаридің » Сахих Бухари » кітабы

6.  Имам Муслимнің  »Сахих Муслим »  кітабы

 

Дереккөз: Muftiyat.kz

Пікірлер Кіру