ҚЫЗҒАНЫШ ДЕРТІ НЕМЕСЕ ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫЛАН

21 желтоқсан 2023 2860 0
Оқу режимі

Дін ғалымы бір уағызында төмендегі қиссаны айтып берді:

 “Бір күні бір жылан көбелекті 3 күн бойы қуған екен. Үшінші күні көбелек одан дат сұрап:

 “Менің саған үш сұрағым бар, соған жауап берген соң, мені жей бер” дейді.

 Көбелек:

 “Бірінші сұрағым, мен сенің азығың емеспін ғой?” дейді.

Жылан:

 “Азығым емессің” деп жауап береді.

Көбелек:

“Менен алар өшің бар ма?” дейді.

Жылан:

 “Жоқ, өшім жоқ” дейді.

 Көбелек:

 “Онда мені неге қуып, өлтіргің келеді?” дейді.

Жылан:

“Сенің әдемі қанаттарыңмен пыр-пыр етіп ұшқаныңды көре алмаймын” деп жауап беріпті.

Сол сияқты қазіргі кезде өзіне зияны да, қатысы да жоқ болсын, адамдар арасында бір-біріне деген көре алмаушылық, қызғаныш, өсек, ғайбат айту сияқты, жаңағы жыланға тән пенделіктер көбеіп жатыр. Қазір жыландар далада емес, біздің жүрегімізден орын алған. Содан арылуымыз керек” деп сөзін аяқтады. Расында, бұл білген адам үшін ғибраты мол оқиға.

 Алла баршамызға хидаят берсін!

 

 Қуат ҚАБДОЛДА

 

 

Пікірлер Кіру