Қызуды түсірудің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан бір тәсілі
17 қыркүйек 2020
8368
0
Оқу режимі
Кейде ауырсақ қызуымыздың көтерілетіні бар. Сондай кезде дәрігерлер қызуды түсіру үшін денені сумен ысқылау керектігін айтады немесе жылы суға түсуге кеңес береді. Оны физиологиялық салқындату дейді.
Бұл күнде кеңінен танымал болған бұл тәсілді кезінде ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтып кеткен.
Сахабалардың бірі Әсма (р.а.): «Бірде Алла Елшісіне (с.ғ.с.) қызуы көтеріліп ауырып тұрған әйел келді. Сонда ол су алдырып, науқастың көкірегіне құйды да: «Оны сумен салқындатыңдар. Ақиқатында, қызу – жәһаннамның аптабынан», - деді»,[1] – деген.
[1] Сахих Муслим.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру