РАМАЗАН АЙЫНА 40 КЕҢЕС

18 наурыз 2023 4071 0
Оқу режимі

Санаулы күндерден кейін Рамазан айы кірмек. Бұл сәттер әрқайсымыз үшін ерекше кезең болады деп үміт етеміз. Ораза айы барынша пайдалы әрі нәтижелі болуы үшін 40 түрлі кеңесті назарларыңызға ұсынбақпыз:

1.Алланы еске алуды ұмытпау (әсіресе таңда және кешке)

2.Жаратушыны тануға уақыт бөлу

3.Шектен тыс тамақтанбау

4.Ұйқыны азайту

5.Маңызы жоқ кездесулерден бас тарту

6.Көзді сақтау

7.Сөз бен амалды қадағалау

8.Дүние-уайымнан алшақтау

9.Сөз тасуды тоқтату

10.Намазды толық орындау

11.Мисуак қолдану

12.Тәубе ету

13.Туыстық қатынасты нығайту

14.Күн сайын садақа беру

15.Ата-анаға қызмет жасау

16.Ниетке мән беру

17.Жаныңызда Құран алып жүру

18.Тек жақсы амалдар жасауға ынталану

19.Ғаламтор мен теледидарға уақыт кетірмеу

20.Жақсылық жасауға үндеп, жамандықтан тыю

21.Дұға ету

22.Дұха намазын оқуды әдетке айналдыру

23.Намазды жамағатпен оқуға тырысу

24.Азан мен қамат арасында дұға ету

25.Құранды хатым етудің жоспарын жасау

26.Мешітке ерте келуге тырысу

27.Құран әліппесін білмесеңіз, аударма мағынасын оқып, жиі тыңдау

28.Құранның тәпсірін оқуға тырысу

29.Үнемі дәретпен жүруге тырысу

30.Алғашқы он күнде рухани жаңаруға тырысу

31.Соңғы он күнінде иғтикафқа кіруге тырысу

32.Үнемі күліп жүруге тырысу

33.Ашуды жұтып, сабырлы болуға тырысу

34.Сөз бен істің қайшы келуінен сақтану

35.Жаратушының рақымынан үміт үзбеу

36.Әрбір амалды сауаптан үміт етіп жасау

37.Жақын жандарға жақсылық жасау

38.Көршілерге сыйлық жасау

39.Өзге мұсылмандар үшін дұға ету

40.Өзіңізді осы амалдарды жасауға мәжбүрлеу, сонда ғана жеңімпаз боласыз!

Пікірлер Кіру