РАМАЗАН АЙЫНДА ЖАСАЛУЫ АБЗАЛ ҒИБАДАТТАР

10 наурыз 2024 1942 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы он екі айдың сұлтаны, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметінің айы. Рамазан айының басы рақым, ортасы кешірім, соңы тозақтан азаттыққа себепші.

Рамазан айында мұсылмандардың күндіз ауыз бекітіп, түнінде тарауих намазын оқиды. 

Рамазан – Құран кәрім айы. Сондықтан Құран кәрім оқи алатындар бұл айда Құранды хатым етуі керек. (Құран кәрім оқуды білмейтіндер осы айды мүмкіндік деп үйренуге талап қылу керек).

Рамазан айының алғашқы кеші (Шағбан шәріптің соңғы күнін Рамазан күнінің алғашқы күніне ауған түн) шам мен құптан арасында «Уа, Раббым! Рамазан айына жеткізгенің үшін» - деп ниет етіп екі ракағат шүкір (алғыс) намазы оқылады. 

Фатиха сүресінен кейін бірінші ракағатта бір «Кәусар», екінші ракағатта бір «Ықылас» сүресін оқиды.

Намаздан кейін истиғфар,  салауат (Салаты мүнжия оқу абзал) оқып дұға жасайды. 

Алғашқы он күнде шамасы келгендер тәсбих намазын оқып, әнбия хатымы жасайды. 

Екінші он күнде де шамасы келгендер тәсбих намазын оқып, әнбия хатымын жасайды. 

Үшінші он күнде тәубе, истиғфар, әнбия хатымы және салауат кейін истиғфар хатымын жасап, соңынан дұға жасалады.

Ауыз ашарға жақындағанда «Аллаһуммә иә уәсиғал-мағфирати ғфирли» - дұғасын оқиды.

Ауыз ашарда «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ғаләйкә тәуәккәлту уә ғалә ризқикә әфтәрту уә саумә ғадин нәуәйту» немесе; «Зәһбәз зәмәу уәбтәлләтил уруқу уә сәбәтәл әжру ин шә Аллаһу тағала» - дұғасы оқылады. 

 

Пікірлер Кіру