СӘБИ КЕЛДІ

23 мамыр 2024 1654 0
Оқу режимі

Сонымен бала іңгәлап жерге түсісімен сырттағы екі көзі төрт болып отырған әкеге, қалған еркектерге желаяқ әйелдің бірі барып қыз болса - "кестеші", ұл болса - "жылқышы" деп хабарлайды, сүйінші алады.

Ауыл-аймақ бұл күні бір жырғайды, өте-мөте әйелдер жағы. Сүйіншіні қолма-қол бермесе, бара сала жұлып алған тымақ пен кимешек-шылауышты қашан аларын алғанша қайтарып бермей, ата-ененің басын тоқырайтып қояды.

Сол күні бір әйел балаға кіндік шеше болады да, ол босанған әйелге қалжа әкеледі, жарыс қазанның бір жағында оның да қазаны қайнап, күтімнің бір жағын сол көтеріп жатады.

Алдағы шілдеханының жүгіне де ол ортақ болуға міндетті. Баланың әке-шешесі мұның есесіне оның қалағанын береді.

Жарық дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға малынған қасқырдың немесе сырттанның жүнімен ауыздандырады. Жаңа туған нәрестені бірінші рет сабындап шомылдырады. Шомылдырар алдында тілін жұтып қоймауы үшін баланың тілін тартады.

Алдымен баланы төбесінен бастап жуады, одан соң судан шошынып қалмас үшін екі аяғын батырып, денесін үйретеді. Алғаш суға түсірілгенде су тимеген жері қалмай, таза жуылуы қатты ескертіледі. Шомылдырған соң кіндік түбіне қойдың майын жағып, байлап, құндақтап анасының жанына жатқызады.

 

Жарас Кабишев-тің фбпарақшасынан

 

 

Пікірлер Кіру