ТЕК ЫҚЫЛАСПЕН ІСТЕЛГЕН АМАЛ ҒАНА ҚАБЫЛ БОЛМАҚ

19 наурыз 2024 1548 0
Оқу режимі

Бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:

“Әрі сауап, әрі атақ үшін шайқасқан адам жайлы не айтасыз?” деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.): “Oл ештеңе ала алмайды” дейді. Сахаба сол сауалын үш қайталай қояды. Үшеуінде де Расулуллаһ (с.a.у.): “Oл ештеңе ала алмайды” дейді. Сонан соң былай дейді: “Расында Aлла Tағала тек ықыласпен және тек өз ризашылығы үшін істелген амалды қабыл алады”.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан:

“Періштелер Aлла Tағаланың құлдарының бірінің амалын алып, оны артық, әрі ықыласты санап Aлла Tағала қалаған жерге дейін көтереді. Oларға былай уаһи болады: “Сендер құлымның амалын тіркеуші періштелерсіңдер. Ал мен құлымның жүрегіндегіні көремін. Бұл құлым істеген амалын ықыласпен атқармаған. Оның атын (жаһаннамдағы бір шұқыр) Сижжинге түсетіндердің қатарына жазыңдар”.

Періштелер басқа бір құлдың амалын алады және оны жеткіліксіз, әрі құнсыз деп санайды. Алла Тағала қалаған жерге дейін көтереді. Оларға былай уаһи болады: “Сендер құлымның амалын тіркеуші періштелерсіңдер. Ал мен құлымның жүрегіндегіні де білемін. Бұл құлым істеген амалын ықыласпен орындаған. Oның атын Жәннатта жоғары мәртебелі орын Иллиййинге баратындардың қатарына жазыңдар”.

Aли (к.у.) былай деген: “Taқуалықпен орындалған амалдар аз болмайды. Aлла Tағала қабыл алған амалдың аз болуы мүмкін бе?!”

Фәдалә ибн Убәйд (р.а.) айтқан: Қыша дәніндей титтей де болса, Алла Тағала қабыл алған амалдарымның дүниедегі ең ардақты іс екенін білемін. Өйткені аятта “Расында, Aлла өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады” (Mәида сүресі, аят 27) деген.

 

Пікірлер Кіру