Умму Сүләймнің (р.а.) теңдессіз мәһрі
11 тамыз 2020
5631
0
Оқу режимі
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) өгей әкесі Әбу Талха (р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді.
«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда, сен кәпір адамсың. Ал, мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһрім[1] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын», – дейді.
Әбу Талха (р.а.) ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Сүләймнің мәһірі осы болды[2].
[1] Мәһр – некелесу барысында немесе кейін өтеу шартымен келісілген қалыңдыққа берілетін дүние-мүлік немесе ақша.
[2] Усдул-Ғаба, 2-том, 361-бет
(р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді.
Пікірлер
Кіру