ЗЕКЕТКЕ ЖАТПАЙТЫН МАЛ-МҮЛІК

20 наурыз 2024 1820 0
Оқу режимі

Сегіз түрлі мал-мүлік зекетке жатпайды:

Адамның өз және жауапкершілігі мойнындағы жандардың мұқтажын өтейтін күнделікті қажетіне керек дүние-мүлкі.

Саудаға арналмаған басы артық үй бұйымдары, кітаптар, өнер туындылары, артық киім, артық азық-түлік, сусын, алтын және күміс емес, жақұт, зүмрүт, інжу, алмас тәрізді әшекей бұйымдары.

Қолдан шыққан және енді қайта келуінен үміт жоқ мүліктер. Бұлар “мал-зимар” аталады. Кейін қайта ие болса, сол күннен бастап нисаб мөлшеріне зекет берілуі керек.

Борышкер болып қарыздан қалған мүлкі нисаб мөлшеріне жетпесе, ол адам зекет беруге мәжбүр емес. Яғни қарызға қайтарылатын дүние зекетке жатпайды. Алайда қарыздың зекет нисабынан алынуы үшін, өзіне зекет уажіб болмай тұрып қарызданған болуға тиіс. Әйтпесе нисаб мөлшеріне жеткен жылдық қаржының зекетін беру уәжіб болған соң қарыздануы зекет жауапкершілігін жоққа шығармайды. Құрбандық не кәффарат яки қажылық үшін бөлінген қаржы/мүлік нисаб мөлшеріне жететін болса, одан да зекет беру қажет.

Қарызға кепіл болған адамның мал-мүлкінен сол қарыз орнына кететін мөлшер.

Саудаға арналмаған, тек жалға берілетін үй, дүкен және басқа кіріс көзі, аспаптар, қондырғылар мен жылжымалы мүліктен зекет берілмейді. Алайда олардың жалға берілген қаржысынан нисаб мөлшеріне жетіп, қарызы болмаса, бір жыл уақыт өтсе, олардан зекет беру қажет.

Сатуға арналмаған жылқы, есек, қашыр, аңшы иті.

Саудаға шықпайтын жүк көліктері, сойуға немесе тұқымдық үшін күтім керек болған және кемі алты ай қорада жеммен тұрған малдар.

Пікірлер Кіру