Жәннаттағы жемістердің бірі – жүзім

18 қаңтар 2021 8470 0
Оқу режимі

Қасиетті Құран Кәрімнің «Нахл» сүресінің 11-аятында жүзім жайлы сөз қозғалады. Осы аятта Алла Тағала жұмақтық жемістерді сипаттай келе, жүзімді ізгі тағам ретінде атап өткен. Ал, «Нәбә» сүресінің 31-32 аяттарында былай делінген: «Негізінде, тақуалар үшін құтылу бар», «Бақшалар, жүзімдер бар».

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) мен оның жанұясынан тараған имамдар тамақтану мен денсаулық жайлы өте құнды пікірлер қалдырған және адамдарды ерекше тағам түрлері мен жеміс-жидектерді жеуге шақырған. Мысалы,  Имам Әли (р.а.) жүзім жайлы былай деген: «Жүзім – әрі жеміс, әрі тамақ. Сондай-ақ, ол – тәтті де дәмді халуа». Имам Әли  жүзімді пайдалы жеміс ретінде ғана емес, толыққанды тамақ деп санайды. Тамақтану саласының дәрігерлері мен мамандары  құрма мен жүзім, тіпті мейізді дене қажеттіліктерін өтейтін толыққанды тамақ деп есептейді. Бұл жеміс түрлері жегеннен кейін тез қорытылады және қажетті қант пен қуатты денеге жеткізеді. Сондықтан адам тіпті кішкене мөлшерде жүзім немесе мейіз жеген жағдайда, ой еңбегі мен дене еңбегіне қажетті қуатпен қамтамасыз етіледі.

Жүзімнің құрамында Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, фосфор, кобальт, никель, титан, бор, алюминий, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер болса, піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі екен.

Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді. 

Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары әрі темір мен кальцийге өте бай. 

Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі.

Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ, аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Дәрумендер мен минеалдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзімнің тамақ мәзірінде алар орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр тамырлардың қабырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зерттеушілер егер көп уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек болатындығын аңғарған.

Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.

Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды зат-тардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру