ЖЕТІ АТА

04 сәуір 2024 2600 0
Оқу режимі

Халқымыздың «жеті ата» туралы, оның мэні жайлы білмей- тін қазақ сирек болар. Менің де біршама мағлұмат түсінігім бар. Әйтсе де, азын-аулақ білгенімді ортаға салып көсемсігім келмей- ді, неге десеңіз, оның бэрі қайынатамнан үйренгендерім. Ол кісіден асырып бэрбір айта алмас едім. Сондықтан «жеті ата» жөнінде атаның өзі айтқан әңгімеге назар аударыңыздар: - Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша эрбір қазақ өзі- нен бастап жеті атасына дейін жетік білуі міндетті еді. Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып отбасылық тәлім-тәрбиенің әліппесі, негізі болған. Тек ата-ана- сынан ерте айырылган жетімдер мұндай тәлімнен қүр қалған. «Жеті атасын білмеген - жетімдіктің салдары» деген осындайларға қарата айтылған. Ал әке-шешесі бола тұрып жеті атасын айта алмайтындарды «жеті атасын білмеген - жетесіздік» деп айтып- таған. Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білуі арқылы кем дегенде екі ғасырлық маглұмат алады, үрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білген үл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні -тамы ры үзілмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында. «Жеті атаның» өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай - бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай - әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

 Ары қарай жүрежат, жекжат, жүрағат, қаймана деп кете береді. Қазақта туыстықтың шегі жоғарыдағы «жеті атамен» аяқталады. Мұның да өз жөн-жобалары бар. Жеті атаға толған соң «жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жар салып, жеті жұрттың белгілі адамдарын куэлікке арнап шақырады. Қүдайыға боз бие сойылып, қанына қолдарын малып, «араларьшыз алыстамасын, бұрынғы бауырлардай тату-бірлікте болайық» деп баталасады. Ала аркан кесіледі. ¥раны мен ен-таңбасы белгіленеді. Осылай «ендігі жерде құдалыққа жол ашық» делінеді.

Алайда, қалай айтсак та, қазақтың тарихи жады, санасы біржола жойылмай, қандасты, бауырластықты ұзағырак сақтап ардақтайды, құрмет- тейді. Мен сіздерге нақты мысал айтайын. Біз былай тараламыз - Дулат, Шымыр, Бекболат, Шілменбет, Құли, Амалдық, Алдаберген, Баубек, Үсен, Әжі, Бақтияр, Әділ, Имаш, Момыш, Бауыржан, Бақытжан, Ержан. Дулат бабамнан Ержанға дейін он бір ата, бірақ Құлилар элі қыз алыспай бауыр-туыс болып жүр. Қазақ салтында жеті атаға толмай тұрып құдандалы болу, ерлі-зайыпты болу тұқымбұзушылық, қан аздырушылық болып қатаң жазаланған. Жеті атаға толмай қыз алысып, қыз берісу кешірілмес қылмыс ретінде айыпталған. Көшпенді журтка ислам дінінің келуімен бірге, оны уағыздаушылар «шариғат қосқан екен немерені» деген пэлсапа шығарып, арабтардың салт-дәстүрін бізге әкеліп телімек болды. Арабтарда ағасының қызын інісінің ұлы ала береді. Туған апасының не қарындасының қызына нағашы ағасы үйленеді. Мұндай қатынастарды казақ сұмдык тексіздік санайды. Сондықтан мың жерден мүсылман боласың десе де, оған қазақ көнбеді, арабтың салтын қабылдамады. «Шариғат жолы ерік берді екен» деп ұлттық қасиетін, дэстүрін аттап өтіп, ғашықтық сезімі жеңген Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектердің жазаға тартылуы қатал болғаньшен, кейінгіге індеттей жайылмаудың жолы болатын.

Қазақтың «жеті аталық» дэстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «оқымаған», «қараңғы», «надан» деп айдар тағылған қазақтың ақылына, ой-өрісінің биіктігіне бүгінде ғалымдар таңғалып отыр. Неге? Өйткені жеті атаға толғанша кан сэйкестігі сақталып, сегізіншіге жеткенде сол қан сәйкестігі жойылады екен. Ал қандастық, қан тазалығын сақтауды ата-бабам баяғыдан-ақ білген ғой. Ғылым оны енді дәлелдеп отыр. Сөздің қысқасы, «жеті аталық» дэстүрді туыстық мейірімнің ұзақ уақыт жалғасатын тірлігі мен бірлігін бүзбауға, тұкымды пэк сактауға жасалған ереже-заңы деуге болады. Бұл аталас адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал үстаудың тұрақты жолы екенін көрсетеді, - деп еді ата.

З.Ахметова, Күретамыр

 

Пікірлер Кіру