Зығыр майының пайдасын білесіз бе?

27 қаңтар 2020 13418 0
Оқу режимі

Зығыр майының түссізден сарғыштау майға дейінгі түрлері кездеседі. Май зығырдың әбден піскен әрі кептірілген дәнінен сығу арқылы алынады.

ЗЫҒЫР МАЙЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Зығыр майы басқа да май түрлері секілді триглицеридтен тұрады. Триглицеридтерді құрайтын майлы қышқылдардың қасында альфа-линол қышқылының көп мөлшерінен тұратын зығыр майы өте ерекше болып келеді. Зығыр майындағы майлы қышқылдардың құрамы келесідей: үш еселенген қанықпаған альфа-линол қышқылдары (51,9%-55,2%); қаныққан қышқылдар: пальмитин қышқылы (7 % жуық) және стеарин қышқылы (3,4%-4,6%); моноқанықпаған олеин қышқылы (18,5%-22,6%); екі еселенген қанықпаған линол қышқылы (14,2%-17,0%).

Зығыр майы, әсіресе, оттегінің әсерін полимерлеу реакциясында аса қабілетті. Полимерлеу процесінің жылу шығаратыны соншалық, белгілі бір кезеңде, тіпті, өрт туындатуы да мүмкін.

ЗЫҒЫР МАЙЫН ТАҒАМДЫҚ ҚОСПА РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Зығыр дәнінің құрамында антиоксиданттар болып келетін лигнандар (фитоэстрогендер) жетіп артылады. Кейбір мәліметтер бойынша, зығыр дәнінен зығыр майы бөлініп шыққан кезде лигнандар да ажыратылып, антиоксиданттық қасиеті болмағанымен, өндірушілер майды өндіру процесі кезінде бәрібір лигнандарды қосады.

Зығыр майы тотыққаннан кейін жайсыз иіспен бірден көгеріп шыға келеді. Тіпті, салқын орында сақталғанымен, оның жарамдылық мерзімі бар-жоғы бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Көгеріп кетпеу үшін комерциялық тұрғыда зығыр майының құрамына антиоксиданттар қосылады. Жайсыз иісі бар көгеріп кеткен зығыр майын пайдалануға болмайды.

Езу экстракциясынсыз салқын жолмен сығу арқылы алынған тағамдық зығыр майы герметикалық қаптамада тағамдық зығыр майы ретінде сауда сөрелеріне түседі. Жаңа дайындалған, өңделмеген және салқындатылған зығыр майы тағамдық қоспа ретінде қолданылады.

Тамақты тек тағамдық маймен пісірген абзал. Жылытылған және химиялық заттар арқылы өңделген май тамаққа пайдалануға жарамайды.

ЗЫҒЫР МАЙЫН ТҰРМЫСТЫҚ САЛАДА ҚОЛДАНУ

Зығыр майы кендір май болып табылады. Өзінің полимер қалыпты құрамының арқасында майды таза түрде немесе басқа майлармен кешенді түрде, еріткіш немесе қара май, сондай-ақ сүректі өңдеуге арналған лак, бояу, бітеу кезінде пластификатор және қатайтқыш ретінде, линолеум өндірісі кезінде қолдануға болады. Соңғы жылдары синтетикалық алкидті қара май қолжетімді бола түскендіктен, зығыр майын қолдану азайып кетті.

ЗЫҒЫР МАЙЫН КОСМЕТОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ

Косметологияда зығыр майы бұрыннан қолданылып келеді. Шаш бальзамы, тері мен тырнақ үшін жарамды компонент ретінде зығыр майы өзінің пайдалы екенін бұрында-ақ дәлелдеп қойған. Таптырмайтын май қышқылдары (ТМҚ) жазылудың ең басты компонеттерінің бірі болып табылады. Дұрыс қызмет атқару үшін ағза оны қажет ететіндіктен, ТМҚ-ның бағасы да арзан емес.

БЕЗЕУДЕН, ҚЫШЫМАДАН, ҚОТЫРДАН, КҮНГЕ КҮЮДЕН, РОЗАЦЕАДАН ЕМДЕЛУ

Зығыр майы қабынуға қарсы қасиетке ие. Сонымен қатар, ол адамды тыныштандыра алады. Күнге күйгеннен кейін зығыр майын жақсаңыз тері жылдам жазылады.

ЗЫҒЫР МАЙЫН ШАШ ПЕН ТЫРНАҚҚА ҚОЛДАНУ

Шашқа арналған зығыр майы. Май қышқылдары шаштың буылтығын (түйінін) құнарландырады. Шаштың ұзын әрі сау өсуін қамтамасыз етіп, берік бола түседі. Ал, бұл қышқылдардың төмен деңгейі шашыңыздың құрғақ әрі күңгірт болып кетуіне алып келуі мүмкін.

Зығыр майы бас терісінің қабынуының алдын алып, шаштың түсуін және қайызғақтың пайда болуын тоқтатады.

Зығыр дәнінің аршылмаған құрамында болатын Е дәрумені бас терісінің және шаш буылтығының қосымша берік бола түсуіне септігін тигізеді.

Берік әрі құлпырған шашыңыздың болуына қол жеткізудің екі жолы бар.

Бұл бағытта бірінші әрі маңызды қадам – зығыр майын тұтынудың рационын енгізу. Зығыр майын ең алдымен аздаған мөлшерде тұтынудың маңызы зор. Егер ағзаңыз бір тәулікте май қабылдаудың белгілі бір мөлшеріне үйреніп қалса, зығыр майын бірден көп мөлшерде тұтыну үйлесімсіздікке әкеп соғуы мүмкін.

Ең алдымен, таңертең таңғы асты ішер алдында 1 грамм және кешкі ас ішер алдында 1 грамм (бұл толып тұрған шай қасығының төрттен бір бөлігі) зығыр майын тұтынудан бастаңыз. Майды осындай тәртіпте тұтынуға қаншалықты үйренгеніңізді сараптап көріңіз. Егер жайлы десеңіз, келесі аптадан бастап таңертең таңғы асты ішер алдында 2 грамм және кешкі ас ішер алдында 2 граммнан зығыр майын ішіңіз.

Ал үшінші аптада тұтынатын зығыр майының мөлшерін 4-5 граммға дейін (бір шай қасығы) арттырыңыз. Егер майдың ағзаңызға сіңімділігін сезсеңіз, тәуліктік тұтыну мөлшерін қорықпай 8 грамма дейін арттыруға болады.

Есіңізге сақтаңыз, сіздің шашыңыз күніне шамамен жарты миллиметрге өседі. Осыны ескере отырып, тілеген нәтижеге жету үшін біршама уақыттың керектігін түсінуге болады.

Аталмыш бағыттағы екінші қадам – зығыр майын шашқа маска немесе желдеткіш ретінде қолдану болып табылады.

* алақаныңызға зығыр майының аздаған мөлшерін тамызып, бас терісін уқалауға болады. Бұны бас жуғаннан кейін шаштың кеппеген кезінде жасаған абзал.

* зығыр майының аздаған мөлшерін құрғақ шашқа тамызып, басыңызды құрғақ орамалмен орап қоюға да болады. Арада 15-20 минут өткеннен кейін сусабынды қолдана отырып, басты жуған жөн. Басты бұдан кейін желдетудің қажеті шамалы. Зығыр майы бұл қызметті сізге өзі-ақ көрсетіп, шашыңыз жұмсақ әрі жылтырап тұрады.

* алақанға сусабын мен зығыр майын араластыра жағып, аталмыш қоспаны қолдана отырып, басқа жеңіл массаж жасауға болады. Бұл зығыр майынан жасалған масканың әсеріндей болмаса да, сіз басыңызды жуған кезде мұндай процедураны басыңызды жуған кез келген уақытта жасай беруге болады.

* егер сіз табиғи косметикаға ден қойған адам болсаңыз, сонымен бірге біршама бос уақытыңыз болса, зығыр майын қолдану арқылы төменде аталған гельдердің рецепті шашыңызды бабында ұстауға көмегін тигізе алады.

ШАШҚА АРНАЛҒАН ҮЙ ЗЫҒЫР МАЙЫ

Шашқа арналған зығыр майы аса қымбат болмайтындай өнімге жатады. Сонымен қатар, бұйра және толқынды шашқа ыңғайлы келеді. Гель шаштың ылғалдануына әсер етеді. Сіздің шашыңыздың қажеттілігіне қарай үйде жасалған зығыр майының геліне қосымша компонеттерді де қосуға әбден болады. Процесс 10-12 минутты алады. Гель екі апта бойы салқын жерде, табиғи қосындылар қосылса одан да көп мерзім сақталады.

ЗЫҒЫР МАЙЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЖОЛЫ

1 қадам. Зығыр дәнін түнімен сулап қойыңыз. Бұл гельдің шығымын жеделдетіп, оны дайындаудың уақытын қысқартады. Бірақ, бұл қадам міндетті емес екенін айта кету керек.

2 қадам. Зығырдың суланған дәнімен бірге суды отқа шыдамды кастрольге араластырып, оны ыстық отқа салып, араластырып отырыңыз. Дәл осы кезеңде ағылшын тұзын (керек десеңіз) қосуға болады.

3 қадам. Қоспа қайнай бастаған кезде қатты жанған отты орташа деңгейде азайтқан абзал. Қоспаның түрі осы кезде еттің көбігіне ұқсап тұруы керек.

4 қадам. Дәндер көбіктенген күйге жеткен кезде отты өшіріп, қоспаны сүзгі арқылы ыдысқа құйыңыз. Бұл процедураны бірден жүзеге асырған абзал. Себебі, бірден құйылмаса кейін сүзгі арқылы құю оңайға түспейді.

5 қадам. Қоспа аздап салқындаған кезде қажетті ингредиентті (сіздің шашыңыздың бабына қарай) қоса беруге болады. Дәл осы кезеңде консервант (егер сізге гелдің ұзақ сақталғаны керек болса) қосылады. Қосымша компоненттердің тізімі мен олардың қызметі бұдан кейін белгілі болады.

6 қадам. Алынған қоспаны блендерге құйып, аздаған айналымды қосу арқылы қоспаны пасталық дәрежеге дейін айналдырған жөн.

7 қадам. Салқындаған қоспаны контейнерге құйып алыңыз. Сіздің геліңіз қолдануға даяр.

Өз қолыңызбен дайындалған гелді сақталуға болатын мерзімге дейін тоңазытқышта ұстаңыз.

ЗЫҒЫР МАЙЫ ЖАЙЛЫ ҚАЙШЫ ПІКІР

Тері мен шашты бабында ұстау үшін қолданылатын әр түрлі заттарды пайдаланбай тұрып, зығыр майы негізінде оның теріге қалай әсер ететін біліп алған дұрыс. Жанама әсер етудің алдын алу үшін (егер ондай болса) зығыр майын тағамға қолданбас бұрын дәрігермен міндетті түрде ақылдасып алу керек.

Кішкентай балалар, аяғы ауыр әйелдер мұндай қоспаларды дәрігердің рұқсатынсыз тұтынбауы керек.

Зығыр майының денсаулыққа пайдалы тәртіпте тұтыну үшін табиғи зығыр майын сатып алыңыз.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру