Әдепсіз бағдарлама көрсеткені үшін телеарна жұмысына тыйым салынды

30 шілде 2018 8906 0
Оқу режимі

Көршілес өзбек еліндегі телеарналар сапынан STV арнасы аластатылып отыр. Самарқан қаласында орналасқан бұл телеарна 21-шілде күні американдық «Я – легенда» атты бағдарламаны көрсеткені үшін осындай жазаға кесілген. Бұл жайында Өзбекстанның баспа ісі және ақпарат агенттігі хабарлама таратты. Аталмыш бағдарлама Өзбекстан аумағында көрсетілмеуі тиіс ақпараттар тізімінде болып шыққан.

Халық саны 32 млн-нан асып-жығылатын өзбек елінде қазіргі таңда 40-тан астам телеарна жұмыс істейді. Олардың он төрті Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясының құрамында болса, аймақтық 13 және 15 жекеменшік телеарна бар көрінеді.

Айта кетейік, аталмыш тыйым 27-шілде күні күшіне еніп, STV арнасы өз жұмысын тоқтатқан.

Пікірлер Кіру