Алматы Орталық мешітінде тігін курсы ашылды (ФОТО)

12 шілде 2019 6427 0
Оқу режимі

Бүгін, Алматы қалалық Орталық мешітінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілігі мен «Ummet» қоғамдық қорының қолдауымен, тігін сыныбын жабдықтау қайырымдылық жобасы іске асып, әйел-қыздарға арналған тігін курсының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш сыныпты 20 тігін машинасымен жабдықтауға мұрындық болған "Saqr Bin Mohammed Al Qasimi" қайырымдылық және гуманитарлық қорының Бас директоры Ахмед бин Рашид әл-Зааби мырза осындай игілікті істердің әлі де жалғасын тауып, еліміздің басқа өңірлерінен де тігін сыныптарын ашу ойында бар екенін айтты. Әрі ол жылы шыраймен қарсы алған Алматы жұршылығына ризашылық сезімін білдірді.

Сонымен қоса, қайрымдылық шарасына "Ummet" қоғамдық қорының президенті Мұхаммедәмин Құрманәли де қатысып, өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.

Ал, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев қайырымдылық шарасына ұйытқы болған жандарға алғыс білдіріп, тігін курсының қыз-келіншектеріміздің бос уақытын тиімді пайдалануға әрі тігіс тігіп үйренуге, ісмерлік шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік тудырып отырғанын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Дереккөз: azan.kz

Пікірлер Кіру