«Әр-Рахман» мешіті 40 отбасыға қайырымдылық жасады (ФОТО)

19 қаңтар 2021 4139 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әр-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа арналған қайырымдылық шарасы болып өтті. Байқоңыр ауданы Өндіріс елдімекенінің тұрғындарын қамтыған шара аясында 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері және ет таратылды.

«Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жамағатпен арнайы жүздесіп, қайырымдылық сөмкелерін табыстап, ізгі тілегін білдірді. Қыстың көзі қырауда жүректерге жылу сыйлаған қайырымдылық шарасына жамағат та алғысын білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру