АСТАНАДА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

18 қараша 2026 128 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарына арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбындағы семинар өтті. Жиынды Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы ашты, семинарды ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Аташев жүргізді.

Жиында Бас имам «Ислам және адал қоғам» жылына орай адалдық, адал табыс пен адал ниет туралы көп айтылып жатқанын еске салды. Күнделікті асымыз бен табысымыздың бәрі адал болуы тиіс екені қасиетті Құран мен Пайғамбар өсиетінде анық жазылғанын жеткізді. Қазір жамағат шариғатқа сай адал ас жеуге, адал рызық іздеуге ұмтылып жатыр. Бұл – насихат жұмысының жемісі. Бас имам имамдардың жамағатпен кездесіп, жиындарда адалдықты талмай айтып жүрген еңбегін атап өтті.

«Жыл бойы жамағат арасында қаншама насихат, уағыз айтылды. Соған амал етіп, жақсылыққа шақырып жатқан жамағаттың да қарасы молайып келеді. Айбек мырзаның осы халал саласын дамытудағы жұмыстары ерен» – деді Нұрбек қажы Әуесханұлы.

Айбек Аташев «Халал тек тағам емес – таңдау мәдениеті» тақырыбында баяндама жасап, халал жай таңба емес, тұтынушыға берілген уәде екенін, оның шын мәнінде аманат екенін жеткізді. Сондай-ақ QMDB Halal белгісінің Қазақстаннан халықаралық кеңістікке шығу бағытын таныстырып, әлемдегі халал белгілерінің үлгілерін көрсетті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру