АСТАНАДА «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» ҰЛТТЫҚ СПОРТ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

11 қараша 2024 532 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында елордадағы «Ұлытау» спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен «Салауатты жамағат» атты сайыс болып өтті.

Шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Басир Сұлтанбейбарс Асанұлы және елорда мешіттерінен құралған командалар ат салысты.

Жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға және ұлттық спорт түрлерінен насихаттауға бағытталған сайыста асық ату, садақ ату, арқан тартыс, ләңгі тебу, кір (гир) көтеру, қол күрес ойындары ойнатылды.

Сондай-ақ жас айтыскер ақын Назар Мисалбек арнайы арнау айтты.

Жарыс соңында жеңімпаздар спорт түрлерінен жекелей марапатталып, ал, барлық спорт түрлерінен есептік көрсеткіш бойынша белсенділік танытқан үш мешітке 1,2,3 орын бойынша марапаттау берілді. Яғни, орын алған мешіттер төмендегіше:

Бас мешіт – I орын;
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті - II орын; 
«Төлебай» мешіті - III орын;

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру