Әйел ұстаздардың жаңа оқу жылына арналған жоспары талқыланды (ФОТО)
01 қыркүйек 2020
4272
0
Оқу режимі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен Елорда мешіттеріндегі әйел ұстаздардың жалпы жиналысы өтті. Өкілдік тарапынан жауапты қызметкерлер қатысқан жалпы жиналыс барысында жаңа оқу жылының жоспары талқыланып, онлайн сабақтар мен дәрістер кестесі бекітілді.
Сондай-ақ, Діни басқарма жұмысының негізгі төрт бағытының бірі – қайырымдылық шараларын да жандандырып, әйелдер жамағатын жұмылдыру мәселесі де қозғалды. Ұстаздар ұсынған түрлі жобалар көпшіліктің талқысына салынып, алдағы жұмыс жоспары түзілді. Бұған қоса, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жылдық жоспарына сәйкес берілген тапсырмалардың орындалу барысы тексерілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру