Әйел жамағаты арасында «Пайғамбарға сағыныш» атты байқау өтті (ФОТО)
Бүгін Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығындағы әйел жамағатына арналған «Пайғамбарға (с.ғ.с.) сағыныш» атты шығармашылық байқау болып өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен байқау барысында қатысушылар өздеріне берілген уақыт ішінде Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сағынышы мен сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсіріп, діни білімдері мен жазу шеберліктері бойынша сынға түсті.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева қатысушыларға бүгінгі шараның маңызын айтып, шығармаға қойылар басты талаптарды түсіндіріп берді. Алдын ала дайындықсыз келгенімен, қатысушылар өз ойларын көркем түрде жеткізіп, сайысытың көрігін қыздыра түсті.
Байқау соңында үздік деп танылған шығармаларға жүлделі орындар беріліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барша қатысушыларға да Бас мешіт атынан сыйлықтар тарту етілді.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz