Әйел жамағатына «Берекелі жұма» дастарханы жайылды (ФОТО)
28 ақпан 2020
5093
0
Оқу режимі
Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына уағыз сабағы ұйымдастырылып, соңынан «Берекелі жұма» дастарханы жайылды. Бас шаһардағы «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Кажуева Жұлдыз «Дінаралық достықтың рөлі» тақырыбында әйел жамағатына насихат жүргізді.
Уағыз соңында жамағат тарапынан сұрақтарға кезек беріліп, білікті маманның тұшымды жауаптарына жалғасты.
Айта кетейік, жамағат арасында бауырмашылдықты арттырып, ынтымағын нығайта түсу мақсатында «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен айына бір мәрте «Берекелі жұма дастарханы» жайылып тұрады.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру