ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
30 тамыз 2024
806
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел жамағатына арналған «Отанды сүю – иманнан» атты семинар болып өтті.
30 тамыз ҚР Конституция күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Жұманазар Садырханов, Дарханұлы Тамирлан, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекет және ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектер қатысты.
Жиын барысында ұстаздар отанды сүюдің маңыздылығы мен туған жердің қадір-қасиеті жайында кеңінен баяндап, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы жайында айтқан хадистерін келтірді.
Шара соңында жамағат пен балалардың көңіліне қуаныш сыйлау мақсатында мерекелік сыйлықтар таратылды.
Суреттер толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарында!
Пікірлер
Кіру