Әйел жамағатына Рамазан айының ерекшелігі жайында уағыз айтылды (ФОТО)

01 сәуір 2022 3245 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз-насихат сағаты бүгін қасиетті Рамазан айына арналды. Айлардың сұлтаны болған Рамазан қарсаңында өткен уағыз отырысына әйел жамағаты да әдеттегіден көптеу қатысып, мүбарак айға дайындықтарын пысықтай түсті.

Уағыз-насихат жұмысына ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, әйел жамағатына қасиетті Рамазан қайтсе пайдалы әрі сауапты өткізудің жолдарын жеткізді. Кездесу соңында жамағат сұрағына кезек беріліп, Оразаға қатысты өзекті сауалдардың жауабы айтылды.

Айта кетейік, жұма күнгі әйел жамағатына арналған уағыз-насихат жұмысы қасиетті Рамазан айында Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты 12 мешіт бойынша жүргізілетін болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру